Снежные Барсы - Тайфун матчы алдында
26 Қазан 2025

Снежные Барсы - Тайфун матчы алдында


Астаналық команда қазан айын өз алаңындағы бір ғана ойынмен аяқтайды. Бұл жолы қарсылас Примор өлкесінен келген «Тайфун» клубы, яғни «Барыстар» үшін жаңа қарсылас болмақ.

Қонақтар Астанаға Красноярскіге жасаған сапарынан кейін келеді, онда олар сенімді түрде 4:1 есебімен жеңіске жетті. Сол ойында Демьян Ермак, Климентий Щербань, Леонид Ждановский және Иван Фомин көзге түсті. Бұған дейін Ильгиз Нуриевтің ойыншылары өз мұз айдындарында «Амурские Тигры» командасын 3:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Ол ойында Никита Крюков, Иван Фомин және Демьян Ермак өз есебіне шайба жазды.

Қазіргі уақытта «Тайфун» Күміс дивизионының турнир кестесінде 16 кездесуден кейін 19 ұпай жинап, үшінші орында келеді. Соңғы бес ойынның ең нәтижелі ойыншысы Иван Фомин, оның есебінде 6 (4+2) ұпай бар.

«Снежные Барсы» ұзақ сапардан кейін өз мұз айдынына оралды. Сырт алаңдағы соңғы қарсыластары Балашиха мен Челябинск қалаларының клубтары болды. «Капитанмен» өткен кездесуде Антон Васиннің ойыншылары 2:5 есебімен жеңіліс тапты, қарсыластар сапынан Роман Двуреченский дубль жасады. Ал «Белые Медведи» командасымен өткен матчта Амир Алпқарин ЖХЛ-дегі алғашқы шайбасын соғып, Карим Кажібеков тағы бір шайбамен көзге түсті. Дегенмен, бұл көрсеткіш жеңіс әкелмеді. Астаналықтар 2:4 есебімен ұтылып, сырт алаңдағы серияда ұпай қорын толықтыра алмады.

Қазіргі таңда «Снежные Барсы» Серебряный дивизионының турнир кестесінде соңғы орында тұр. Команда 19 матч нәтижесінде 6 ұпай жинаған. Соңғы бес кездесудің ең тиімді ойыншысы Карим Кажібеков, оның еншісінде 6 (1+5) ұпай бар.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys

UTLC Ice Cup 2026. 2-ші күні

new-preview
Barys
Tomiris

IB дивизионының әлем чемпионаты. Испания – Қазақстан 2:3

new-preview
Barys

Дінмұхамед Қайыржан Барыста қалады