Шанхайские Драконы - Барыс матчы алдында
30 Қазан 2026

Шанхайские Драконы - Барыс матчы алдында


«Барыс» Санкт-Петербургтегі сырт айдындардағы сериясының алтыншы матчында «Шанхайские Драконы» командасымен кездеседі.

Астаналықтармен ойынға қытайлық ұжым қатарынан төрт жеңіспен келіп отыр. Соңғы кездесуінде Мәскеуде «Спартакты» буллиттер сериясында 4:3 есебімен жеңді. Айта кетейік, матчтың үшінші кезеңінде Митч Лав ойыншылары екі шайба айырмасымен жеңіліп жатқан еді. Гол авторлары Дэвид Чен, Нэйт Сукезе және Дмитрий Яшкин атанды. Кейін Яшкин шешуші буллитті де дәл орындады. Павел Хомченко 30 сейв жасады. «Дракондар» бапкері жеңісті команда ойыншыларының мінезі мен жігерінің арқасында келгенін атап өтті.

18 матчтан кейін шанхайлықтардың еншісінде 26 ұпай бар. Команданың үздік сұрмергені әрі бомбардирі - Райли Саттер (5+11). Бретт Мюррей мен Дмитрий Яшкин маусымның үздік алты сұрмергенінің қатарына кіреді.

«Барыс» сәрсенбі күні Минскіде «Динамоны» 1:0 есебімен жеңді. Астаналықтарға жеңіс сыйлаған жалғыз шайбаның авторы - осы маусымдағы сегізінші голын соққан Семён Симонов. Андрей Шутов биылғы чемпионатта үшінші рет қақпасын голдан аман сақтады (28 сейв). Қазіргі уақытта ол тойтарыс берген соққылардың пайызы бойынша Лига қақпашылары рейтингінде көш бастап тұр (94,7%).

Жалпы, қонақтар 33 соққыны бұғаттады. Оның жетеуі Иэн Маккошеннің еншісінде. Михаил Кравец бұл көрсеткішті жеңістің маңызды факторларының бірі ретінде атап өтті. Сондай-ақ бас бапкер ұзаққа созылған сырт айдындардағы ойындар сериясында әр жеңістің маңызы зор екенін жеткізді.

20 кездесуден кейін қазақстандық команданың қоржынында 23 ұпай бар. Джастин Бэйли (12+9) тұрақты чемпионаттың үздік сұрмергені әрі бомбардирі болып қала береді.


«Шанхайские Драконы» - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады.

Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында көрсетіледі.


«Барыс» ХК-ның бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» ХК-ның серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.

Match day Away (7).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Жұлдызды ойсырата жеңді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасына Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектесті