«Барыс» маусымда алғаш рет Уфада «Салават Юлаевпен» кездеседі. Бұған дейін қарсыластар Астанада екі ойын өткізіп, екеуі де негізгі уақытта 2:1 есебімен бір-бір жеңістен иеленді.
Виктор Козловтың ойыншылары өткен турда Нижнекамскіде «Нефтехимикті» 3:1 есебімен жеңді. Қонақтардың сапында Владислав Ефремов, команда бомбардирлерінің ішкі тізімінде көш бастап шыққан Александр Жаровский (7+10) және Григорий Панин көзге түсті. Семён Вязовой 31 сейв жасады. «Салават» бас бапкері ойыншыларының мінезін атап өтіп, бірақ бес минуттық басымдықты жүзеге асыра алмағанына қынжылды.
Уфалықтар 29 матчта 25 ұпай жинаған. Қазіргі таңда жарақат алғандар қатарында қорғаушы Никита Зоркин, сондай-ақ шабуылшылар Антон Берлёв, Николай Хворов және Денис Ян бар.
«Барыс» жексенбі күні өз алаңында «Авангардтан» 2:5 есебімен ұтылып, жеңіс сериясын үзді. Құрлықтық хоккей лигасында алғашқы шайбасын Макс Уиллман соқты, тағы бір гол авторы Әлихан Өмірбеков. Майкл Веккьоне маусымдағы ұпайларын 20-ға (7+13) жеткізді. Михаил Кравец матчтың шешуші сәті екінші кезеңдегі 40 секунд ішінде жіберілген үш шайба болғанын айтты.
Қазақстандық команданың еншісінде 30 матчтан кейін 27 ұпай бар. Астаналықтардың ең нәтижелі ойыншысы Райли Уолштың көрсеткіші 21 (7+14) ұпай. Алдағы кездесулерде «Барыс» жарақат алған Адам Шилсыз ойнауға мәжбүр. Команда сапына жарақаттан жазылған Никита Бояркин мен Кирилл Савицкий, сондай-ақ Қазақстан құрамасынан оралған Роман Старченко, Бейбарыс Оразов және Кирилл Никитин қосылды.
«Салават Юлаев» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Ойынның тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.