«Барыс» қазан айының соңғы сыртқы сериясын Нижнекамскіде бастайды.
«Нефтехимик» өткен турда өз мұз айдынында «Салават Юлаевқа» (1:2) есе жіберді. Команданың жалғыз шайбасын Дамир Жафяров соқты. Қақпашы Ярослав Озолин 26 сейв жасады. Игорь Гришин қарсылас қорғаныста өте жақсы ойнағаның және алаң иелерінің көптеген соққыларын бұғаттағанын атап өтті.
20 ойыннан кейін нижнекамдықтардың еншісінде 21 ұпай бар. Евгений Митякин (8+8), Андрей Белозёров (7+9) және Дамир Жафяров (6+10) – Татарстан командасының ең нәтижелі хоккейшілері. Жарақат алғандар тізімінде шабуылшылар Александр Дергачёв пен Никита Попугаев бар.
«Барыс» Республика күні қарсаңында өз мұз айдынында «Амурды» (3:1) жеңді. Бір шайбаның авторы қорғаушы Джейк Масси болды – ол маусымда 10 (3+7) ұпай жинады. Сондай-ақ Әлихан Өмірбеков пен Тайс Томпсон да гол соқты. Адам Шил қақпаға бағытталған 31 соққыны қайтарды. Михаил Кравец өзінің ойыншылары кездесудің басым бөлігінде ойын барысын бақылауда ұстағанын және жанкүйерлеріне тамаша сый жасағанын айтты.
Қазақстандықтардың қоржынында 19 матчтан кейін 19 ұпай бар. Майкл Веккьоне мен Райли Уолш бомбардирлер жарысында теңесті (екеуінде де 6+9). Никита Бояркин, Әлихан Әсетов, Максим Мұхаметов және Эмиль Галимов жарақат алып, Астанада қалпына келу процесін жалғастыруда.
«Нефтехимик» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
>
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.