Металлург - Барыс матчы алдында
18 Қыркүйек 2026

Металлург - Барыс матчы алдында

«Барыс» маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы ойындарын Магнитогорскіде жалғастырады.

«Металлург» соңғы кездесуінде өз алаңында «Спартакқа» 2:3 есебімен есе жіберді. Магнитогорск командасының сапынан Егор Яковлев пен Владимир Ткачёв мергендік танытса, Никита Михайлис екі нәтижелі пас берді. Қақпашы Егор Заврагин 19 соққыны қайтарды. Андрей Разин ойын құрамындағы өзгерістер бапкерлер штабының шешімімен жасалғанын атап өтіп, командасының жақсы ойын көрсеткенін айтты.

Магнитогорскілік клуб бес кездесуден кейін жеті ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде үшінші орында келеді. Команданың үздік сұрмергені – Сергей Толчинский (1+3).

«Барыс» нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп келеді. Сейсенбі күні елордалық команда Тольяттиде «Ладаны» 6:0 есебімен жеңіп, қарсыласына қақпаға небәрі жеті тура соққы жасауға мүмкіндік берді. Хантер Шепард ҚХЛ-дағы алғашқы «құрғақ» матчын өткізді.

Джастин Бэйли дубль жасап, нәтижелі сериясын қатарынан төрт ойынға жеткізді. Қазіргі таңда ол чемпионаттың екінші үздік бомбардирі – 5 гол және 4 нәтижелі пас. Сонымен қатар Джейк Масси мен Иэн Маккошен маусымдағы алғашқы голдарын соқты. Семён Симонов пен Тайс Томпсон да мергендер қатарынан көрінді. Батырлан Мұратов пен Кирилл Савицкий чемпионаттағы алғашқы ұпайларын еншіледі.

Бас бапкер Михаил Кравец ойынның басы қиын болғанын, алайда кейін кездесу оның командасының бақылауымен өткенін атап өтті.

Төрт ойыннан кейін алты ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында төртінші орында тұр. Асанәлі Саркенов жарақат алғандар тізімінен шығарылды. Қазір ол тізімде Аркадий Шестаков қана қалды.


«Металлург» – «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Кездесудің тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында жоспарланған.


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» ХК серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының КҚ.


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы