«Барыс» сырт айдындағы матчтар сериясын Магнитогорскіде жалғастырады. Командалар тоғыз күн бұрын Астанада кездесіп, айдын иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
Сол жеңілістен кейін «Металлург» өз айдынында «Сібірді» жеңіп (3:1), буллиттер сериясында «Авангардқа» есе жіберіп, үш ұпай олжалады. Омбылық клубпен кездесуде команданың үздік сұрмергені және снайпері Дмитрий Силантьев (8+10) өз қоржынын толықтырды. Илья Набоков 17 сейв жасады. Андррей Разин шәкірттерінің басымдыққа ие болғанын және қарсыласқа мүмкіндік бермегенін, алайда мүмкіндіктер толығымен жүзеге асырылмағанын айтты. Гагарин Кубогының иегері маусымның 32 матчында 34 ұпай олжалаған.
«Барыс» сәрсенбі күні «Сібір» қақпасының кілтін таба алмады (жеңіліс – 0:2). ҚХЛ-дағы 50-матчын өткізген Андрей Шутов қақпасына жасалған 34 соққыға тосқауыл болды. Ғалым Мамбетәлиев шабуылдың нүктесін қоярда асығыстық танытқан шабуылшыларға көп қысым болғанын айтты.
Қазақстандық ұжым 31 кездесуде олжалаған 21 ұпаймен плей-офф үшін таласты жалғастырып жатыр. Никита Бояркин кері қайтарылған соққылар көрсеткіші бойынша чемпионаттың үздік бес қақпашысының қатарына кіреді (93,4).
Бүгін Ғалым Мамбетәлиев бас бапкер ретінде Құрлықтық хоккей лигасындағы 50-матчын өткізеді. Ал қақпашылар бапкері Олег Ромашко үшін бүгінгі ойын ҚХЛ-дағы 200-кездесу болмақ.
«Металлург» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport және KHL Prime телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.