Локомотив – Барыс матчы алдында
20 Қыркүйек 2026

Локомотив – Барыс матчы алдында

Маусымдағы үшінші сырт алаңдағы ойында «Барыс» Гагарин кубогының қазіргі иегері «Локомотивпен» кездеседі.

Ярославльдік команда қазіргі тұрақты чемпионатта бірде-бір жеңіліс таппаған лигадағы жалғыз ұжым. Өткен турда «Локомотив» өз алаңында «Авангардты» 2:1 есебімен жеңді. Алаң иелеріне жеңіс әкелген шайбаларды Александр Радулов пен Артём Кузин соқты. Қақпашы Даниил Исаев 24 сейв жасап, бір нәтижелі пас берді. Дмитрий Квартальнов командасының ойыны жақсы өткенін атап өтті, алайда қарсылас қақпашысы «Локомотивке» көбірек мүмкіндікті жүзеге асыруға мүмкіндік бермегенін айтты.

Алты кездесуден кейін «теміржолшылардың» еншісінде 12 ұпай бар. Бұл нәтиже командаға Батыс конференциясының турнирлік кестесінде көш бастауға мүмкіндік беріп отыр. Аталған Радулов (4+5) Лигадағы үздік сұрмергендердің үштігіне кіреді. Жарақат алғандар тізімінде Максим Берёзкин мен Артур Каюмов бар.

«Барыс» жұма күні «Металлург» қақпасын бұза алмай, маусымдағы алғашқы «құрғақ» жеңілісіне ұшырады (0:3). Астаналықтар Александр Смолин қорғаған қақпаға 26 рет дәл соққы жасағанымен, олардың ешқайсысы голға айналмады. Чемпионаттың үздік сұрмергендерінің бірі Джастин Бэйли (5+4) төрт ойынға созылған нәтижелі сериясын үзді. Маусымда алғаш рет Андрей Шутов мұз айдынына шығып, матч барысында Хантер Шепардты алмастырды. Қазақстандық қақпашының еншісінде 15 сейв бар. Михаил Кравец шешуші сәттерде хоккейшілер жеке әрекеттерге көбірек жүгініп, соның салдарынан ойын құрылымы бұзылғанын айтты.

Қазақстандық команданың еншісінде алты ұпай бар. Қазіргі таңда бұл нәтиже «Барысқа» Шығыс конференциясында бесінші орында тұруға мүмкіндік беріп отыр. Аркадий Шестаков жарақат алғандар тізімінен шығарылды.


«Локомотив» – «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясы KHL және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.


«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

333.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys

Металлург - Барыс

new-preview
Barys

Металлург - Барыс матчы алдында

new-preview
12 фото
Barys

Лада - Барыс