«Барыс» қысқа үй матчтар сериясын ЦСКА-ға қарсы ойынмен аяқтайды.
Мәскеулік армейлер өткен турда Омбыда «Авангардқа» 1:2 есебімен жол беріп, өздерінің үш матчтық жеңіс сериясын үзді. Қонақтар сапындағы жалғыз шайбаның авторы команданың үздік бомбардирі Прохор Полтапов (15+14). Қақпашы Дмитрий Гамзин 23 сейв жасап, көзге түсті. Бас бапкер Игорь Никитин алаң иелері жеңіске лайық болғанын, ал оның командасы матчты қажетті деңгейде толық өткізе алмағанын атап өтті.
47 кездесуден кейін ЦСКА еншісінде 54 ұпай бар. Бұған дейін аталған Дмитрий Гамзин сенімділік коэффициенті (1,74) бойынша ағымдағы маусымдағы Лиганың үздік қақпашысы атанып отыр және қайтарылған соққылар пайызы (93,2%) бойынша екінші орында. Жарақат алғандар қатарында қорғаушы Дмитрий Саморуков, сондай-ақ шабуылшылар Дмитрий Бучельников пен Данила Моисеев бар.
«Барыс» бейсенбі күні «Нефтехимиктің» қақпасына 36 соққы бағыттағанымен, Ярослав Озолиннің қақпасын бұза алмады (0:1). Ал Адам Шил қарсыластың 19 соққысын қайтарды. Михаил Кравец соңғы матчтардағы командасының нәтижелілігін апатты деп атап, шабуылшыларға сәтсіздіктің себебін өздерінен іздеуге кеңес берді. Қазақстандық клубтың қоржынында 47 ойыннан кейін 37 ұпай бар.
«Барыс» – ЦСКА матчы 17:00-де Астана уақытымен басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Ойынның тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.