Әлем чемпионатының бірінші дивизионының В тобындағы үшінші матчта Қазақстан құрамасы Испанияны жеңіп, турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Біздің қыздардың жеңісіне дубль авторы Надежда Филимонова мен Анастасия Оразбаеваның дәл соққылары, сондай-ақ Арина Щёколованың 42 сейві көп үлес қосты.
Үш ойын күнінен кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 4 ұпай бар және турнир кестесінде бесінші орында тұр. 17 сәуір күні Александр Тебеньковтың ойыншылары Оңтүстік Кореямен кездеседі. Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады.
Испания – Қазақстан 2:3 (1:1, 0:1, 1:1)
0:1 - 16:52 - Филимонова (Буторина, Шегай) АГ
1:1 - 17:37 - Хименес (Кастелланос)
1:2 - 31:39 - Оразбаева (Шегай, Филимонова) АГ
2:2 - 41:31 - Серна (Бош)
2:3 - 45:18 - Филимонова (Тұрсынова)
Қақпашылар: Гонсало - Щёколова
Фото - IIHF
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.