
Қыркүйек айының соңғы матчында «Барыс» өз айдынында «Торпедоны» қабылдайды.
Нижний Новгород қаласы командасы үшін Астанадағы ойын төрт матчқа жалғасқан сырт айдындағы кездесулер сериясының соңғысы болмақ. Бұл сапар Игорь Ларионов шәкірттері үшін сәтті болды, «Торпедо» үш кездесуде де негізгі уақытта жеңіске жетті. Өткен турда команда Хабаровскіде «Амурды» ойсырата ұтты (7:2). Денис Почивалов хет-трик жасады әрі бұл оның ҚХЛ-дағы алғашқы шайбалары. Тағы төрт шайбаны Михаил Абрамов, Сергей Гончарук, Никита Артамонов пен Бобби Линч өз есептеріне жазды. Иван Бочаров 41 соққыны кері қайтарды. Команданың бас бапкері әр матч сайын шәкірттерінің сенімділігі артып келе жатқандығын жеткізді.
«Торпедо» 11 ойында 11 ұпай жинаған. Никита Артамонов (5+3) пен Максим Летунов (2+6) – команданың ең нәтижелі ойыншылары. Қорғаушы Вячеслав Войнов, сондай-ақ шабуылшылар Андрей Белевич пен Игорь Ларионов жарақат алғандар тізімінде.
«Барыс» сенбі күні «Витязь» қақпасының кілтін таба алмады (0:3). Астаналықтар қарсылас қақпасына 32 соққы жасағанымен, олардың ешқайсысы діттеген жеріне жетпеді. Никита Бояркин 28 соққыға тосқауыл болды, ол 131 минуттан астам уақыт бойы өз қақпасына шайба соғуға мүмкіндік берген жоқ. Вячеслав Буцаев шабуылдың нүктесін қояр сәтте командасына агрессия жетпегенін жеткізді.
Қазақстандық ұжым қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз – 5. Майкл Маклауд (2+1) пен Әлихан Өмірбековтің (1+2) еншілерінде үш ұпайдан бар. Команданың жарақат алған ойыншылары қатарына Руслан Оспанов пен Коннор Смит қосылды.
«Барыс» - «Торпедо» матчы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан алуға болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.