Барыс буллиттер сериясында Спартактан басым түсті
04 Қазан 2026

Барыс буллиттер сериясында Спартактан басым түсті

«Барыс» маусымдағы екінші сырт алаңдағы ойын сериясын Мәскеуде аяқтады. «Спартакпен» кездесуге астаналық клубтың жаттықтырушылар штабы құрамға үш өзгеріс енгізді. Үшінші шабуыл шебінде Дінмұхамед Қайыржанның орнына Кирилл Ляпунов шықса, төртінші үштікте Кирилл Панюковты Әлихан Әсетов алмастырды. Қақпаны алғашқы секундтардан бастап Андрей Шутов қорғады.

Бірінші кезеңде ойын жиі үзіліп, бірнеше шағын бөлікке бөлінді. Командалар көбіне сан басымдығы кезінде ғана шабуылды ұйымдастыра алды. Сондықтан алғашқы үзіліске дейін қос қақпашыға аса көп жұмыс түскен жоқ.

Екінші кезеңде есеп ашылып, ойын жандана түсті. «Спартак» артықшылық құраммен ойнау мүмкіндігін пайдаланып, Даниил Гутик арқылы есеп ашты. Кейін «Барыс» сапынан Логан Дэй мен Әлихан Әсетов мергендік танытып, астаналықтарды алға шығарды. Алайда көп ұзамай Данила Пивчулин сан басымдығы кезінде шайба соғып, тепе-теңдікті қалпына келтірді.

Үшінші кезеңде Лукас Локхарт алаң иелерін қайтадан алға шығарды. Дегенмен «Барыс» ойын соңына дейін күресіп, қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына ауыстырған сәтте есепті теңестірді. 58-минутта Томпсонның дәл соққысы астаналықтарға қосымша уақытқа жол ашты.

Овертаймда жеңімпаз анықталмаған соң, командалар буллиттер сериясына жүгінді. «Барыс» сапынан Гарретт Пилон ғана өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Барыс» сырт алаңдағы серияда мүмкін болған 6 ұпайдың 4-еуін иеленді. 10 қазанда Михаил Кравец шәкірттері өз алаңында «Авангардты» қабылдайды.

«Спартак» - «Барыс» 3:4 Б (0:0, 2:2, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 27:30 - Гутик (Котляров, Орлов) АГ

1:1 - 30:16 - Дэй (Өмірбеков, Шестаков)

1:2 - 34:18 - Әсетов (Дэй, Шайхмедденов)

2:2 - 36:48 - Пивчулин АГ

3:2 - 48:18 - Локхарт (Лукьянцев)

3:3 - 58:22 - Томпсон (Дэй, Морелли)

3:4 - 65:00 - Пилон, Б

Қақпашылар: Загидулин - Шутов

«Мегаспорт» аренасы. 7 065 көрермен.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.

RN1A2984.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы