
«Барыс» маусымның үй айдынындағы ойындардың соңғы сериясын «Ладамен» өтетін ойынмен жалғастырады.
Гагарин Кубогын сарапқа салуға дайындалып жатқан Тольятти қаласының ұжымы өткен турда Омбыда жеңіске қол жеткізді (3:2 ОТ). «Авангардпен» болған матч барысында Олег Браташтың шәкірттері екі шайба айырмасымен ұтылып жатты, бірақ Андрей Алтыбармакян мен Артем Иванюжников гол соғып, таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақытта Павел Куликов «Ладаға» екі ұпай сыйлады. Қақпашы Александр Трушков қақпасына бағытталған 30 соққыны қайтарды.
Тольятти ұжымының қоржынында 66 матчтан кейін 74 ұпай бар. Остап Сафин команданың үздік бомбардирі (13+22) болып табылады. Жарақат алғандар тізімінде шабуылшы Алексей Ожгихин бар.
«Барыс» бейсенбі күні үй айдынында «Автомобилист» командасына жол берді (1:4). Жалғыз соғылған шайбаның авторы Аркадий Шестаков болды. Кристиан Хенкель ҚХЛ-дағы 50 нәтижелі пас көрсеткішіне жетті Джозеф ЛаБейт маусымдағы оныншы нәтижелі пас жасады. Эдвард Паскуале өз қақпасын 38 рет құтқарып қалды. Қазақстандық ұжымның қоржынында 66 ойыннан кейін 48 ұпай бар.
«Барыс» пен «Лада» арасында өткен үш кездесуде де ресейлік ұжым жеңіс тойын тойлады, бір айта кетері осы үш кездесуде астаналықтар қарсыластарының қақпасына тек бір шайба ғана соға алды.
«Барыс Арена» мұз айдынында өтетін кездесу Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларында және біздің hcbarys.kz/tickets сайтымызда сатып алуға болады.
Тікелей эфир Qazsport телеарнасында өтеді.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.