Барыс – Куньлунь Ред Стар матчы қарсаңында
29 Қазан 2024

Барыс – Куньлунь Ред Стар матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Home.jpg

«Барыс» қазан айындағы матчтар сериясын өз айдынында аяқтап, бүгін «Куньлунь» командасын қабылдайды.

Қытайлық ұжым Қазақстан астанасына келер алдында өз айдынындағы бес матчтың бесеуінде де жеңіліс тапқан. Өткен турда «Куньлунь» овертаймда ЦСКА-ға (3:4) есе жіберді. Бұл – қытайлық хоккейшілердің өз айдынындағы матчтар сериясында ұпай еншілеген жалғыз ойыны. Мәскеулік команда қақпасына Рурк Шартье, Адам Кленденинг пен Джейден Хэлбгевакс гол соқты. Қақпашы Константин Волков 21 соққыға тосқауыл болған. Михаил Кравец шәкірттерінің мазмұнды ойын өрнегін көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ, 1:3 есебімен жеңіліп жатқандарына қарамастан, өз ойындарын көрсетуді жалғастырғанын айтты.

Маусымның 20 матчында «Куньлунь» 14 ұпай олжалады. Команданың үздік сұрмергені – Томаш Юрчо (6+7). Райан Меркли команданың жарақат алған ойыншылары тізімінде.

«Барыс» өткен аптада биылғы маусымда алғаш реет қатарынан екі жеңіске қол жеткізді. Өткен ойында астаналықтар Новосібірде жергілікті «Сібір» командасын жеңді (3:1). Сол матчта Антон Бурдасов пен Иван Николишин 2 (1+1) ұпайдан еншіледі. Иван қазақстандық ұжым сапындағы алғашқы нәтижелі ұпайларын олжалағанын айта кету керек. Команданың тағы бір шайбасын Әділ Бекетаев соқты. Никита Бояркин 28 соққыны кері қайтарды. Ғалым Мамбетәлиев жігіттер жеңіске мінез арқылы жеткенін айтты.

Астаналық команданың қоржынында 19 ойыннан кейін 11 ұпай бар. Команданың ең нәтижелі ойыншысы – Әлихан Өмірбеков (3+4). Шабуылшы Кирилл Савицкий жарақат алғандар тізімінен шығарылды.

«Барыс» - «Куньлунь» ойыны Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан алуға болады.

Кездесуді Qazsport және KHL телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі