Константин Пушкарёв ойыншылары Атыраудағы мұз айдынында «Бейбарысқа» қарсы кезекті кездесуін өткізді. Астаналық команда қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, сырт алаңдағы сериясын сәтті аяқтады.
Ойынның алғашқы кезеңінде алаң иелері есеп ашты. Евгений Гасников Артём Шестаковтың қақпасын дәл көздеп, «Бейбарысты» алға шығарды.
«Номад» есепті екінші кезеңде теңестірді. Кирилл Никитин атыраулықтардың қателігін пайдаланып, қақпашы Роман Шеферді қапы қалдырды. Арада көп уақыт өтпей Абай Маңғысбаев Николай Шульганың көмегімен астаналықтардың екінші шайбасын соғып, командасын алға шығарды.
Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Осылайша, Маңғысбаевтың шайбасы жеңіс голына айналды.
Осы нәтижемен «Номад» сырт алаңдағы сериясын бірде-бір кездесуде жеңілмей аяқтады. Қазіргі уақытта астаналық команда турнир кестесінде 10 ойыннан кейін 19 ұпай жинап, көш бастап тұр.
«Бейбарыс» - «Номад» 1:2 (1:0, 0:2, 0:0)
1:0 - 10:36 Гасников (Асуханов)
1:1 - 31:00 Никитин
1:2 - 35:32 Маңғысбаев (Шульга, Цыбин) АГ
Қақпашылар: Шефер - Шестаков
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.