Барыс – Динамо Минск матчы қарсаңында
13 Қыркүйек 2024

Барыс – Динамо Минск матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Home.jpg

«Барыс» маусымдағы алғашқы өз айдынындағы ойындар сериясын минскілік «Динамоға» қарсы матчпен аяқтайды.

Дмитрий Квартальновтың шәкірттері маусымның басындағы үш матчтың екеуінде жеңіске жетті. Сәрсенбі күні минскілі команда сырт айдында «Витязьді» жеңді (5:1). Александр Волков, Виталий Пинчук (команданың үзжік сұрмергені, 3+0), Роман Горбунов, Диллон Дюбе мен Илья Усов снайперлік есептерін толтырды. Андрей Кареев 21 соққыны кері қайтарды. Дмитрий Квартальнов ойындағы табысқа матчты жақсы бастаулары себеп болғанын айтты. Өйткені, команда кездесудің 15-минутына қарай жеңіске жетуге қадам жасап қойған.

Бүгінде «Динамо» қоржынында төрт ұпай бар. Қорғаушылар Ксавье Уэлле мен Джодан Гросс (екеуінде де +4) Лиганың ең пайдалы ойыншыларының үздік сегіздігіне кіреді.

«Барыс» өткен турда өз айдынында «Амурға» есе жіберді (1:5). Кирилл Панюков өзінің бұрынғы командасына гол соғып, көзге түсті. Маусымда алғаш рет Никита Бояркин қақпа қорғап, 23 соққыға тосқауыл болды. Тамирлан Гайтамиров биылғы чемпионаттағы алғашқы нәтижелі ұпайын еншіледі. Ал Олег Бойко ҚХЛ-да дебют жасаса, Аңсар Шайхмедденов Лигадағы 100-кездесуін өткізді. Дэвид Немировски шәкірттерінің ойынға құрылған жоспардар жиі ауытқығанын және соның салдарынан қарсыластың нәтижелі қарымта шабуылдар ұйымдастырғанын атап өтті.

Қазіргі таңда «Барыс» қоржынында бір ұпай бар. Команданың үздік сұрмергені – қорғаушы Уилл Бутчер (0+2). «Амурмен» кездесу барысында жарақат алған Натан Больё жарақат алғандар тізіміне қосылды. Владислав Кодола болса, керісінше, бұл тізімнен шығарылды және бүгін жаңа командасы сапындағы дебюттік ойынын өткізуі мүмкін. Сәрсенбі күні командаға америкалық шабуылшы Чейс ДеЛео келіп қосылды, бірақ оның бүгінгі кездесуде мұз айдынға шығу-шықпауы әзірге белгісіз.

«Барыс» - «Динамо» Минск матчының басталуы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Кездесуді KHL Prime телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан алуға болады.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі

new-preview
Barys
Tomiris

Қазақстан – әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Қазақстан – Оңтүстік Корея 4:3