Авангард – Барыс матчы қарсаңында
31 Қаңтар 2025

Авангард – Барыс матчы қарсаңында

IMG_9701.jpeg

«Барыс» сырт айдындағы матчтар сериясын «Авангардпен» кездесумен ашады.

Омбылық ұжым өткен турда өз айдынында «Салават Юлаевқа» жол берді. Уфалық команда қақпасына Данил Башкиров, сондай-ақ Лиганың топ-снайперлерінің бірі мен «Авангардтың» үздік сұрмергені Рид Буше (22+15) шайба соқты. Никита Серебряков 26 соққыға тосқауыл болды, Омбылық команданың бас бапкері Ги Буше шәкірттерінің қарсыласпен салыстырғанда ойынды 20 минутқа кеш бастағанын айтты. 

«Авангард» маусымның 49 ойынында 53 ұпай олжалаған. Дамир Шарипзянов (8+28) – биылғы тұрақты чемпионатта жоғары нәтиже көрсетіп жүрген қорғаушылар тізімінде екінші орында. Қорғаушылар Сергей Бойков, Алекс Грант, Алексей Соловьев пен Даниил Степанов, шабуылшылар Владимир Ткачев, Николай Прохоркин мен Майкл Маклауд жарақат алған ойыншылар тізімінде.

«Барыс» өткен жексенбіде овертаймда «Сібірді» жеңіп (4:3), жеңілістер сериясын үзді. ҚХЛ-дағы алғашқы хет-тригін жасаған Никита Сетдиков кездесу қаһарманы атанды. Виктор Антипин астаналық ұжым сапындағы алғашқы шайбасын соқты. Осы ойын Лигадағы 850-кездесуі болған Роман Старченко екі нәтижелі паспен көзге түсті. Никита Бояркин 28 сейв жасады. Ғалым Мамбетәлиев шәкірттерінің соңына дейін жеңіске деген сенімнен үміт үзбегенін және ойын барысын өзгерте алғаны туралы айтты.

Бүгінде қазақстандық ұжымның қоржынында 50 матчтан кейін 28 ұпай бар. Команданың үздік сұрмергені Антон Бурдасов (12+5) жарақаттанған ойыншылар қатарында. Максим Мухаметов пен Әлихан Әсетов жарақаттарынан айығу процесін жалғастырып жатыр. Бейбарыс Оразов Ресейдің Жастар хоккей лигасы Шақыру Кубогына аттанды, ол команда сапына сенбі күні қосылады. Сонымен қатар, бапкерлер алдағы ойындарда негізгі құрамның 11 ойыншысына есеп жасай алмайды. Олар қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы сапында.

«Барыс» пен «Авангардтың» осы маусымдағы теке-тіресінде әзірге үш матчта екі жеңіске қол жеткізген омбылық команда алда (4:0, 3:2 ОТ – 0:1).

«Авангард» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 18:30-да басталады.

Кездесуді Qazsport, KHL және KHL Prime телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номад бірқатар ойыншыға квалификациялық ұсыныстар жасады

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Дмитрий Бреус

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы