АКМ-Новомосковск пен Снежные Барсы матчы алдында
21 Наурыз 2026

АКМ-Новомосковск пен Снежные Барсы матчы алдында

Астаналық ұжым 2025/2026 жылғы тұрақты маусымды Новомосковск қаласында аяқтайды. Бұл ойында олар «АКМ-Новомосковск» командасымен кездеседі.

«АКМ-Новомосковск» өз алаңындағы сериясын «Красная Машина-Юниорға» қарсы матчтан кейін жалғастырып жатыр. Аталған кездесуде алаң иелері 5:2 есебімен жеңіске жетті. Новомосковскілік ойыншылар қатарынан Артём Гордюков дубль жасаса, Артём Путюнин, Иван Кажарин және Аарон Орих бір-бір шайбадан соқты.

Астаналықтармен ойын алдында «АКМ-Новомосковск» 58 матчта 40 ұпай жинап, Күміс дивизион турнирлік кестесінде 8-орында тұр.

Ал «Снежные Барсы» Ярославль қаласында «Локо-76» командасымен екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіліс тапты. Бірінші кездесуде 3:8 есебімен ұтылып, команда сапында Аристарх Киреев, Александр Перкин және Асанали Русланұлы гол соқты. Екінші ойында есеп 1:3 болып, жалғыз шайбаны Тимур Миндубаев соқты.

Кездесу алдында «Снежные Барсы» 56 ойында 23 ұпаймен Күміс дивизион турнирлік кестесінің соңғы орнында орналасқан.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Авангард – UTLC Ice Cup турнирінің екі дүркін жеңімпазы

new-preview
18 фото
Barys

UTLC Ice Cup 2026. 5-ші күні

new-preview
18 фото
Barys

UTLC Ice Cup 2026. 4-ші күні