Авангард – UTLC Ice Cup турнирінің екі дүркін жеңімпазы
19 Сәуір 2026

Авангард – UTLC Ice Cup турнирінің екі дүркін жеңімпазы

БЖСМ

Ресейлік «Армия СКА» мен «Авангард» командалары арасында өткен UTLC Ice Cup 2026 турнирінің шешуші кездесуі жарыстың нағыз сәніне айналды.

Алғашқы кезеңнің негізгі оқиғалары жиырма минуттықтың соңына қарай өрбіді. Алдымен «Авангард» бірінен соң бірі екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырып,  артықшылықты пайдаланған Богдан Палицын мен Матвей Палаухин мергендік танытты. Алайда сиренаға бір жарым минут қалғанда Дмитрий Федотов омбылықтардың тәртіп бұзғанын мүлт жібермей, есеп айырмасын қысқартты.

Екінші кезеңнің басында Палаухин номиналды қонақтардың басымдығын арттыра түсті. Кейіннен «қаршығаларды» тәртіп мәселесі тағы да тығырыққа тіреп,  Максим Папуков «5-ке 3» форматында көзге түссе, сәлден соң тең құрамда Кирилл Ожмегов шайба соқты. Бірақ бұл жағдай қазіргі чемпиондардың жігерін жасытқан жоқ –  Максим Гутов қарсыластар қақпасын төртінші мәрте дәл көздеді.

Шешуші кезеңнің ортасында Арсений Любомирский сол жақ тастау шеңберінен керемет соққы жасап, мергендігімен таңғалдырды. Федотов дубль жасап, ойынға интрига алып келгенімен, турнирдегі соңғы сөз «Авангардтың» еншісінде қалды. Осылайша, «Авангард» қатарынан екінші жыл UTLC Ice Cup жеңімпазы атанды. «Армия СКА» құрамасы құрметті екінші орынды иеленді.

«Армия СКА» - «Авангард» 4:6 (1:2, 2:2, 1:2)

0:1 – 13:17 – Палицын АГ

0:2 – 14:56 – Палаухин (Роговский)

1:2 – 18:28 – Федотов (Мончик) АГ

1:3 – 25:15 – Палаухин (Клевцов) АГ

2:3 – 27:29 – Папуков (Федотов, Мончик) АГ

3:3 – 33:00 – Ожмегов (Седёлкин, Мончик)

3:4 – 38:30 – Гутов (Поляков, Попов) АГ

3:5 – 49:31 – Любомирский (Роговский) АГ

4:5 – 50:44 – Федотов (Мончик)

4:6 – 56:20 – Поляков

Қақпашылар: Клименко – Архипов

0X6A5211.jpg

UTLC Ice Cup 2026 турнирінің үшінші орны үшін өткен бәсекеде қытайлық «Хокай» мен чехиялық «Викингтер» кездесті. Бейжіңдік ұжым ойынды қарқынды бастап, бесінші минутқа қарай-ақ қарсылас қақпасына үш шайба соқты – И Цзи, Никита Ан және Марк Юн көзге түсті. Алайда үзіліске дейін «Викингтер» есепті теңестіріп үлгерді. Петр Бертл, Петр Шимек және Петр Петрач мергендік көрсетті. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша «Хокай» қайта алға шықты, бұл кезеңнің басты кейіпкері дубль жасаған Джэнъе Лю болды.

Шешуші үшінші кезең қос команданың да берілуге ниетті емес екенін көрсетті. Бір сәтте Илья Соларевтің ойыншылары екі шайба айырмасымен алға шыққанымен, соңғы минуттарда прагалықтар ерлікпен есепті теңестіріп кетті. Жеңімпаз тек овертаймның соңғы минутында анықталды: Кайкай Тянь қарсылас жақтан қарбаласта шайбаны қақпаға бағыттады. Осылайша, «Хокай» өз тарихында алғаш рет UTLC Ice Cup қола жүлдегері атанды.

«Хокай» - «Викингтер» 8:7 ОТ (3:3, 2:1, 2:3, 1:0)

1:0 – 03:03 – Цзи (Тянь, Лю)

2:0 – 03:19 – Ан Н. (Юн)

3:0 – 04:36 – Юн (Ан Н.) АГ

3:1 – 07:07 – Бертл (Шимек)

3:2 – 09:30 – Шимек

3:3 – 17:32 – Петрач

4:3 – 21:25 – Лю

4:4 – 30:01 – Вашек

5:4 – 39:43 – Лю

6:4 – 42:51 – Ан Н.

6:5 – 43:45 – Новотны (Шимек, Вашек)

7:5 – 45:03 – Цзи

7:6 – 52:10 – Смелы (Новотны)

7:7 – 55:10 – Петрач (Андел)

8:7 – 64:03 – Тянь

Қақпашылар: Фу – Сточес

DSC_4592.jpg

-Алексей Гром, «ОТЛК ЕРА» АҚ Бас директоры:

«Баршаңызды алтыншы халықаралық UTLC Ice Cup турнирінің аяқталуымен құттықтаймын! Биыл «Барыс Арена» Еуропа мен Азияның жас таланттарының басын тағы да қосты. Біз бірден екі тарихи жетістікті тіркедік: біріншіден, қатысушылар географиясы бес елге дейін кеңейді. Екіншіден, Бейжің командасы турнир тарихында алғаш рет қола жүлдеге ие болды. Омбылық «Авангардты» чемпиондық атағын қорғап қалуымен ерекше құттықтаймын».

Финалдық матчтан кейін марапаттау рәсімі өтті. Шараға «ОТЛК ЕРА» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Дәулен Рахметуллин, Ресейдің Қазақстандағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Александр Комаров, «ҚТЖ» АҚ жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры Илья Мещеряков және «Барыс» ХК бас директорының орынбасары Алексей Мамонтов қатысты.

Үздік қақпашы – Ян Сточес («Викингтер»)

Үздік қорғаушылар – Кирилл Мельников («Армия СКА»), Арсений Любомирский («Авангард»)

Үздік шабуылшылар – Денис Ложаев («Барыс»), Джэнъе Лю («Хокай»), Даниил Скурчик («Динамо-Джуниверс»)

Турнирдің ең бағалы ойыншысы (MVP) – Кирилл Ожмегов («Армия СКА»)

Арнайы тағайындалған «Турнир көркі» номинациясын «Хокай» сапындағы И Цзи мен Жуйсян Фу иеленді.

0X6A5225.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys

UTLC Ice Cup 2026. 5-ші күні

new-preview
18 фото
Barys

UTLC Ice Cup 2026. 4-ші күні

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Қазақстан – Оңтүстік Корея 4:3