Бүгін елордада «Номад» Петропавлдың «Құлагерімен» екінші кездесуін өткізді. Ойын тағдырын буллиттер сериясы шешіп, «көшпенділер» 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Кездесуде есепті алғаш болып алаң иелері ашты. Даниил Цыбиннің пасынан кейін Асанали Русланұлы Юргис Дубинскастың қақпасын дәл көздеді. Қонақтар жауапты тек екінші кезеңде қайтара алды. Ярослав Шагаевтың дәл соққысы есепті теңестірді. Бұдан кейін Даниил Цыбин мен Кирилл Никитин қарсыластың қателіктерін ұтымды пайдаланып, өз мүмкіндіктерін голға айналдырды. Алайда «Құлагер» екінші кезеңнің соңына дейін бір шайбаның есесін қайтарды. Гол авторы - Александр Воробьёв.
Үшінші кезеңде «Құлагер» Батыр Марқабаев пен Арсений Борисовтың голдары арқылы есепті теңестірді. Ал «Номад» сапынан Темірлан Китаров мергендігімен көзге түсті.
Негізгі уақытта да, овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттер сериясында лигадағы алғашқы ойынында дубль жасаған Асанали Саркенов шешуші шайбаны соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Қазіргі таңда «Номад» 14 ойыннан кейін 27 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастап келеді.
«Номад» - «Құлагер» 5:4 Б (1:0, 2:2, 1:2, 0:0, 1:0)
1:0 - 15:44 Русланұлы (Цыбин, Саркенов)
1:1 - 21:45 Шагаев (Попитич, Воробьёв) АГ
2:1 - 24:47 Цыбин (Саркенов, Шакшақбаев) АГ
2:2 - 35:30 Воробьёв (Попитич)
3:2 - 35:49 Никитин (Бойко, Бейсембаев) АГ
3:3 - 43:26 Марқабаев (Анисимов, Борисов) АГ
4:3 - 51:52 Китаров (Никитин)
4:4 - 54:00 Борисов (Анисимов)
5:4 - 65:00 Саркенов Б
Қақпашылар: Дударкиев - Дубинскас

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.