Номад Құлагерді жеңді
10 Желтоқсан 2025

Номад Құлагерді жеңді


Бүгін Петропавл қаласында «Номад» пен «Құлагер» арасындағы алғашқы кездесу өтті. Астаналық ұжым матчта 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші кезеңнің соңғы минутына дейін есеп ашылмай тұрды. Әділ Бейсембаев қарсылас қақпасын дәл соққымен ашты. Екінші кезеңде Әділ Бейсембаев тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсіп, шайбаны төменгі бұрышқа дәл бағыттады. Қорытынды кезеңде Никита Ситников қонақтардың басымдығын арттырды. Ал «Құлагер» сапынан Александр Воробьёв пен Альберт Гатин дәл соққыларымен жауап қатты.

Енді қос команда ертең қайта кездеседі. Матч 19:00-де басталады.

«Құлагер» - «Номад» 2:3 (0:1, 1:1, 1:1)

0:1 - 19:16 - Бейсембаев

1:1 - 27:40 - Воробьёв (Попитич)

1:2 - 34:12 - Бейсембаев (Гатиятов, Гусейнов) АГ

1:3 - 43:38 - Ситников (Решетько, Шакшақбаев)

2:3 - 45:52 - Гатин (Бурлака, Шапорев) АГ

Қақпашылар: Осокин - Дубинскас

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Кинопоиск Пучков атындағы турнирдің матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы командасының қыркүйектегі алғашқы ойындарына билеттер сатылымда

new-preview
Barys

Барыс Лададан жеңісті жұлып алды