«Магниткаға» қарсы өткен матчтан кейінгі Михаил Кравец пен Артём Шестаковтың KHL.ru-ға берген пікірлері.
Михаил Кравец, «Барыс» бас бапкері:
– Ең алдымен, қазір мен назар аударатын зат, жігіттердің бейжай болмауы. Команда ойынды жүректен өткізіп, бір-бірі үшін айқасып, тапсырманы орындауы керек. «Жолаушы» болмай, барлығы жанын салып ойнауы қажет. Бүгін бізде Қазақстан чемпионатында ойнайтын бірнеше жігіт шықты. Бұл маусым алдындағы матч, әрі қарай дайындалуымыз керек. Келесі ойындарда міндетті түрде Майкл Веккьонені көресіздер. Қалған легионерлер әзірге Қазақстанда дайындалып жүр, Ресейге келуге визалары дайын емес. Толық құрамның жоқтығы? Егер команда толық болса, бәрі мүлде басқаша болар еді. Қазір бір құрамды дайындап жатырмыз, бірақ алаңға шығатындары басқалар болуы мүмкін. Екі құрамнан бір команда құрап жатырмыз. Қазақстандық жігіттерге былтыр да, биыл да мүмкіндік берілді. Бірақ «біз жергілікті болған соң бәрібір ойнаймыз» деген ойды қою керек. Жұмысын атқаратындар ғана ойынға шығады.
Артём Шестаков, «Барыс» қақпашысы:
– Әдеттегі матч сияқты өтті. Мен әрқашан жүз пайыз дайындалуға тырысамын. Маусым алдындағы ойын болсын, чемпионат болсын айырмашылығы жоқ. Ұтылғанымыз жаман болды, жеңуіміз керек еді. Бұл турнирде мені тағы шығара ма, білмеймін. Бірақ кез келген жағдайда сенім артылса, қолымнан келгенін жасаймын. Жаз бойы дайындалдым, жаттықтым. Ойындарды, мұзды қатты сағындым. «Номад» сапында екі матч өткізіп үлгердім. Ойын ырғағына кіруге жеткілікті уақыт болды.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.