«Витязь» - «Барыс» матчынан кейін (5:0) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Андрей Скабелка, «Барыстың» бас жаттықтырушысы
- Бүгінгі ойынның тағдырын арнайы бригадалар көрсеткен ойын өрнегі шешті. Яғни, екі кезең ішінде 14 минут көпшілікте ойнап, нәтиже шығара алмадық. Көпшілікте жайбарақат ойнадық, Шикинге кедергі келтіріп, қақпа алдында ойнар хоккеші болған жоқ. Үшінші кезеңдегі ойын өрнегі біздің тәртіпке байланысты түбегейлі өзгерді. Егер де осынша уақыт көпшілікте ойнап, гол соқпасаң, бірінші құрам азшылығыңда гол жіберіп алғаныңды күт деген осы. Бұл ақталу емес, кейіннен жұмыста назарға алар жайт. Бояркиннің ойыны? Баға бергім келмейді, ешқашан қақпашылардың ойынына түсінік бермеймін. Бүкіл команда бүгін жақсы ойын көрсетпеді.
Вячеслав Буцаев, «Витязь» клубының бас жаттықтырушысы
- Командамды жеңіс құттықтаймын. Біз көп гол соға алған үшінші кезең шешуші болғанын бәріңіз көрдіңіздер. Алайда алғашқы екі кезеңде тәртіп болмай, көптеп ойыннан қуылып жаттық. Алайда ол сыннан абыроймен өттік. Қақпашы сенімді ойнап, гол жібермеді. Біздің жетістігіміздің сыры? Жұмыс пен ниет. Ал, жеңістермен бірге өз күшімізге деген сенім де пайда болады. Көпшілікте қалай осылайша сәтті ойнай алдық? Бұл өздігінен болатын нәрсе емес, ол үшін көп жұмыс жасалады. Әрине, айдынға шыққан жігіттердің шеберлігі маңызды рөл атқарады. Шикин алдыңғы матчтардағыдай команданы ойында ұстады. Бұл қуантпай қоймайтыны анық. Бірақ қайталап айтарым, бізге ұтымды әрекет ету қажет және қақпашыға мұндай жүктеме салмайтындай азшылықта азырақ ойнаған жөн.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.