Снежные Барсы 2024/25 маусымын аяқтады
24 Наурыз 2025

Снежные Барсы 2024/25 маусымын аяқтады

IMG_5339.png

«Снежные Барсы» маусымды «Красноярские Рысиді» 3:2 есебімен жеңумен аяқтады. Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша астаналықтар күміс дивизионның турнирлік кестесінде 54 матчта 35 ұпай жинап, 8-ші орынға ие болды. Осылайша команда маусымды плей-ин үшін күрессіз аяқтайды.

Тұрақты чемпионаттың орта кезі команда үшін көптеген бетбұрысқа толды; астаналықтарда айтарлықтай кадрлық өзгерістер болды. Бірнеше жыл бойы команданы басқарған Александр Истоминнің орнына бас бапкер ретінде Андрей Шаянов тағайындалды. Өзгерістер бапкерлер штабына да әсер етті: Павел Глотов «Барыс 3х3» командасын басқарды, ал оның орнына Мадияр Ибрайбеков тұрды. Мадияр үшін бұл ойын мансабын аяқтағаннан кейін бапкер ретіндегі дебюті болды.

IMG_0505.png

Статистика бойынша қақпашылар желісін Артём Шестаков басқарды. Қақпашы 15 матчта лақтырудың 90,5%-н тойтарды, ал оның сенімділік коэффициенті 3,47 жетті. Қорғаушылар арасында Бейбарыс Оразов үздік атанды, ол «Барысқа» ауысқанға дейін 9 матчта 12 ұпай жинап, мұзда орта есеппен 23 минут 59 секунд өткізді. Форвардтар арасында Кирилл Ляпунов ең нәтижелі атанды: мұзда орташа есеппен 20 минут 6 секунд өткізіп, 29 ойында 32 ұпай жеке есебіне жазып алды.

51 матчта 181 күштік амалдарды өткізген қорғаушы Санжар Ибрагим ерекше атап өтуге лайық. Себебі, бұл лиганың барлық ойыншылары арасында ең үздік көрсеткіш атағына ие.

Баспасөз қызметі атынан командаға өткен маусым үшін алғыс айтамыз. Оларға жақсы демалуды, күш-қуаттарын қалпына келтіруді және жаңа күштер мен жеңістермен сәтті оралуды тілейміз.

IMG_5322.png

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Барыстың екіжақты келісімшарты бар ойыншылары мұз айдынындағы жаттығуларға кірісті

new-preview
Barys
Nomad

Роман Старченко ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, Номадтың жаттықтырушылар штабына қосылды

new-preview
Barys
Nomad

Барыстың екіжақты келісімшарты бар ойыншылары медициналық тексеруден өтті