«Барыс» пен «Сібір» арасында өткен кезекті ойында астаналықтар жеңіс тойын тойлады.
Өткен ойынды денсаулық жағдайы бойынша өткізіп алған Кирилл Савицкий мен Әділ Бекетаев айдын иелерінің құрамына оралды. Олар команда құрамында Батырлан Мұратов пен Егор Шалаповты алмастырды.
Кездесу басында айдын иелері қатарынан екі рет ойыннан қуылды. Екінші айып уақыт аяқталмай тұрып, «Барыстың» өзі көпшілікте қалды, оны біздің команда Джереми Бракконың күшімен голға ұластыра алды. Астаналықтардың 97-ші нөмірі қарсылас қақпасының алдында кеңістік тауып, гол соқпаған 11-матчтық сериясын үзді. «Сібір» екінші кезеңнің екінші жартысында есепті теңестірді. Қонақтар қарсы шабуылға шығып, ал Вячеслав Основин Юлиус Гудачек қақпасының жоғарғы бұрышын дәл көздеді.
Ойындағы қорытынды нүкте ойын аяқталар шақта қойылды. Линден Вэй Бракконың тағы бір керемет пасынан кейін маусымдағы өзінің 12-ші шайбасын соқты. Матчқа Кирилл Савицкий нүкте қойды, ол «Сібірдің» бос қақпасын дәл көздеді. Осылайша, Андрей Скабелканың шәкірттері бірқатар жеңілістерден кейін жеңіс тойын тойлады. 3 қараша күні «Барыс» үй айдынында «Адмирал» командасын қабылдайды.
«Барыс» – «Сібір» 3:1 (1:0, 0:1, 2:0)
1:0 – 08:05 – Бракко (Шестаков) КГ
1:1 – 33:10 – Основин (Бутузов, Мёрфи)
2:1 – 57:20 – Вей (Бракко) КГ
3:1 – 59:39 – Савицкий (Петухов) БҚ
Қақпашылар: Гудачек – Красоткин
«Барыс-Арена». 5559 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.