«Барыс» - «Нефтехимик» матчынан кейін (1:3) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Олег Леонтьев, «Нефтехимик» ХК бас жаттықтырушысы
- Жігіттерді жеңіспен құттықтаймын! Жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын! Біз үшін бұл көптен күткен және маңызды жеңіс. Бүгін шыдамдылықпен ойнадық, тырыстық. Ойын соңында біздің қақпамыздың алды қарбаласқа толы болды, бірақ төзімділік пен шыдамдылық таныта білдік. Әрі қарай жылжудамыз. Келесі серияға дайындалудамыз.
- Барыс жақында Нижнекамскіде ойнады, Сіздің ойыңызша, бұл екі матч бір-біріне ұқсады ма?
- Әрине, біз турнирлік кестеде жақын орналасқанбыз. Матчтар ұқсас. Үй айдынында өткен матчта біз 2:0 есебімен алға шыққанымызбен, алайда ойынды біз қалағандай өткізбедік. Бүгін сол ойынның есесін қайтардық.

Юрий Михайлис, «Барыс» командасының бас жаттықтырушысы
- Біздің жанкүйерлерге рақмет! Бүгін жанкүйерлер командаға барынша демеу көрсетті және команда бұған жақсы ойынмен жауап қатты. Жақсы жылдамдықтар, асқан жан салу. Қарсылас қақпасына қауіп төндіргенімізбен, оны голға ұластыра алмадық Гол соғатын сәттер көптеп болғанымен, бірақ шайба қарсыластар қақпасына дарымай-ақ қойды. Жалпы, жігіттер тек оң нәтижеге қол жеткізуге тырысып бақты.
- Берглундтың бірінші буынға ауыстырылуы өзін ақтады ма? Алғашқы екі кезеңде ол ойыннан тыс қалып отырғандай, тек кейін ғана ойынға қосылғандай көрінді.
- Ия, ол бірнеше ойынды өткізіп алды. Ойын ырғағын жоғалтты. Бұрынғыдай ойынға машықтанғандық болмады. Мүмкін, бұл гол біздің алғашқы үштікке сенімділік ұялатар және ойыннан ойынға қарай ойындары жақсарар.
- Статистикаға көз жүгіртсек біз қарсылас қақпасына соққыларды көбірек жасағанымыз көрінеді, олай болса неліктен көбірек гол соға алмадық?
- Бәлкім, асығыстық, қате пастар кедергі келтірген болар. Жігіттер жеңіске ниетті еді. Роман Старченко мен Кирилл Савицкийде сәттер болды. Көп жігіттерде сәттер болды.
- Неге бүгін Диц ойнаған жоқ?
- Оған демалыс бердік.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.