КХЛ. Амур – Барыс 1:0
06 Қаңтар 2023

КХЛ. Амур – Барыс 1:0

Хабаровскіде өткен «Амур» мен «Барыс» арасындағы екінші матчта ойын тағдырын бір нәтижелі шабуыл шешті.

Қонақтардың матчқа арналған құрамына бірқатар өзгерістер енгізілді. Өткен ойында жарақат алған Кирилл Савицкий матчқа қатыса алған жоқ. Сондай-ақ, Әлихан Әсетов пен Михаил Григорьев те ойын құрамынан тыс қалды. Олардың орнын Кирилл Максимов, Михаил Рахманов пен Юрий Сергиенко басты.

Матчтың алғашқы бөлігінде командалар тәртіпке аса мән бермей ойнап, жанкүйерлер «5х5» форматындағы ойынды көрген жоқ десе де болады. «Барыс» өз мүмкіндіктерін дұрыс қоллдана алмаса, «Амур» бір сан басымдығын жүзеге асыра білді. Бұл үшін хабаровскілік хоккейшілерге тек бес соққы қажет болды. Сергей Дубакин нәтижелі соққының авторы атанды.

Нәтижесінде, осы соққы матч тағдырын айқындады. Қазақстандық команда есепті теңестіруге қанша талпынғанымен, Евгений Аликиннен айласын асыра алған жоқ.

8 және 9 қаңтар күндері «Барыс» Владивостокта «Адмиралға» қарсы ойнайды.

 «Амур» – «Барыс» 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)

1:0 – 17:08 – Дубакин (Гребёнкин, Дрозг) СБШ

Қақпашылар: Аликин – Гудачек

«Платинум Арена». 5969 көрермен

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

video-preview
Барыс

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер мектебі 2025-2026 оқу маусымын ресми түрде аяқтады.

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер