Иван Мищенко «Барыс» құрамын толықтырды
25 Тамыз 2022

Иван Мищенко «Барыс» құрамын толықтырды

«Барыс» хоккей клубы Иван Мищенкомен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Қорғаушымен біржақты келісім 2 жылға жасалған (2024 жылғы 30 сәуірге дейін).

Соңғы екі маусым бойы ол «Сочи» командасының қорғаныс шебі ойыншыларының көшбасшысы болды. «Барысқа» ауысқанға дейін Иванның соңғы клубы питерлік СКА еді. Жалпы алғанда, ҚХЛ-да алаңның екі жағында да бірдей пайдалы хоккейші 230-дан астам матч өткізіп, 54 (17+37) ұпай жинады.

Иван елордаға осы аптаның соңында келеді.

 

Иван Мищенко

Туған күні: 22.07.1995.                                      

Бойы: 185 см.

Салмағы: 87 кг.

Сырғытпатаяқты ұстау: сол жақ.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

ҚӘЧ ІВ. Қазақстан құрамасы топтағы орнын сақтап қалды

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис ойыншылары Қазақстан ұлттық құрамасы сапында

new-preview
Tomiris

Томирис кестедегі екінші орнын сақтап қалды