Томирис кестедегі екінші орнын сақтап қалды
24 Ақпан 2025

Томирис кестедегі екінші орнын сақтап қалды

_5d_0078.jpg

Алматыда хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші туры аяқталды.

«Томирис» тур аясында үш матч өткізді. «Айсұлумен» ойында Александр Тебеньков шәкірттері жеңіліс тауып (1:4), екінші өзара кездесуде овертаймда кеткен есесін қайтарды (4:3). «Торпедомен» ойында да астаналық қыздар овертаймда жеңіске жетті (5:4).

Үш турдың қорытындысында «Томирис» 16 ұпай еншіледі. Шешуші төртнші тур алдында командамыз «А» тобы көшбасшысы «Айсұлудан» үш ұпайға артта келеді. Оған қоса, команда қарсыласына қарағанда бір матч кем өткізген.

Қазіргі таңда команданың үздік сұрмергені қоржынында 7 (4+3) ұпай бар Яна Крашенинина.

_5d_0344.jpg

Сурет – Евгений Галенковский

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс Локомотивке маусымдағы алғашқы жеңілісін тарту етті

new-preview
15 фото
Barys

Локомотив - Барыс

new-preview
Barys

Локомотив – Барыс матчы алдында