Маусым қорытындысы. Әлихан Өмірбеков
23 Сәуір 2026

Маусым қорытындысы. Әлихан Өмірбеков

2025/26 жылдардағы Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» ойыншыларының жеке көрсеткіштерін қорытындылауды жалғастырамыз.

Әлихан Өмірбеков те өз мансабындағы ең үздік маусымын өткізіп, көптеген көрсеткіш бойынша айтарлықтай ілгеріледі. Ол тұрақты чемпионаттағы барлық 68 матчқа қатысып, өз есебіне 17 (5+12) ұпай жазды. Мұз айдынындағы орташа уақыты шамамен 15 жарым минутты құрады.

Сонымен қатар, шабуылшы 47 соққыны бөгеді (Әлихан Әсетовпен бірге команда шабуылшылары арасындағы ең үздік көрсеткіш) және 30 рет шайбаны тартып алды (команда шабуылшылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш).

   alex.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Қазақстан – әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Қазақстан – Оңтүстік Корея 4:3

new-preview
Barys
Tomiris

IB дивизионының әлем чемпионаты. Испания – Қазақстан 2:3