Pro Ligasy финалы. Номад Сарыарқадан ірі есеппен жеңілді
05 Сәуір 2026

Pro Ligasy финалы. Номад Сарыарқадан ірі есеппен жеңілді

Бүгін Қарағандыда Қазақстан чемпионатының финалдық сериясындағы үшінші ойыны өтті. Онда «Номад» пен «Сарыарқа» командалары кездесті. Кездесу 1:7 есебімен аяқталып, Константин Пушкарёв жаттықтыратын ұжым ірі жеңіліске ұшырады. «Көшпенділер» матчтың аяқталуына екі минуттан сәл ғана асқанда есеп аша алды. «Абырой голының» авторы Кирилл Ляпунов.

Қарағандылықтар сапында Егор Кузьменко хет-трик жасады, ал Данила Карабань мен Александр Борисевич дубль авторы атанды.

Енді командалар арасындағы төртінші матч 7 сәуір күні сағат 19:00-де «Қарағанды Аренада» өтеді.

«Сарыарқа» - «Номад» 7:1 (2:0, 3:0, 2:1)

1:0 - 08:07 Карабань (Лихотников, Сиксна) АГ

2:0 - 15:31 Кузьменко (Борисевич, Сиксна) АГ

3:0 - 35:21 Кузьменко (Барбашев)

4:0 - 37:50 Карабань (Фазлеев, Шульга)

5:0 - 39:52 Борисевич БҚ

6:0 - 42:20 Борисевич (Карабань, Сиксна) АГ

7:0 - 44:45 Кузьменко (Борисевич, Михайлов)

7:1 - 57:41 Ляпунов

Қақпашылар: Кадочников - Дубинскас (Шестаков, 44:45-58:36)

Сериядағы есеп: «Номад» - «Сарыарка» 2-1 (5:4 ОТ3, 5:2, 1:7)

сар ном итог 1.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номад пен Торпедо ойыншыларға қатысты құқықтармен алмасты

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды

new-preview
Barys
Nomad

«Барыс» жүйесіндегі хоккейшілері әлем чемпионатында қалай ойын көрсетті