Оразовтың дебюттік голы Барысты жеңілістен құтқармады
17 Наурыз 2025

Оразовтың дебюттік голы Барысты жеңілістен құтқармады

TRUE4163.jpg

Маусымның соңғы сырт айдындағы матчын «Барыс» Новосібірде өткізді.

Астаналық команда ойынның алғашқы минуттарын жақсы өткізіп, қарсылас аймағына кірген бетте қақпаға қарай соққы жасаған Дінмұхамед Қайыржанның арқасында есеп ашты. Алайда кезең соңын «Сібір» өз пайдасына жазды. Алдымен айдын иелері сан басымдығын жүзеге асырды (шайба авторы – Энди Андреофф), кейін тағы екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Гол авторлары – Павел Гоголев пен Никита Коротков. Екінші жиырма минуттықтың соңына қарай «Барыс» есеп айырмасын бір шайбағы дейін қысқартты – Бейбарыс Оразов Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы голын соқты. Ойынның соңғы бөлігі астаналық команданың басымдығымен өткеніне қарамастан, таразы басы теңескен жоқ. 20 наурызда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері өз айдынында «Ақ Барсты» қабылдайды.

 «Сібір» - «Барыс»3:2 (3:1, 0:1, 0:0)

0:1 – 05:57 – Кайыржан (Старченко, Бекетаев)

1:1 – 14:57 – Андреофф (Широков, Бек) СБШ

2:1 – 15:52 – Гоголев (Белоусов, Аланов)

3:1 – 17:20 – Коротков (Морозов)

3:2 – 38:05 – Оразов (Сетдиков, Николишин)

Қақпашылар: Костин- Шестаков

«Сібір Арена».11440 көрермен

TRUE3829.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Тайс Томпсон Барыста қалды

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

new-preview
Barys

Джейк Масси Барыспен екі маусымға келісімшартын ұзартты