Данияр мен Ляпунов мерейтойлық матч өткізді
13 Қазан 2026

Данияр мен Ляпунов мерейтойлық матч өткізді

Кеше «Сібір» командасына қарсы өткен матч «Барыстың» екі хоккейшісі үшін мерейтойлы ойын болды. Кирилл Ляпунов Құрлықтық хоккей лигасындағы 50-матчын өткізсе, Самат Данияр 300 матчтық межеге жетті. Қазақстандық қос ойыншы да осы кездесулердің барлығын астаналық клубтың жейдесінде өткізді.

Шабуылшы Кирилл Ляпунов осы уақыт ішінде 3 шайба соғып, 6 нәтижелі пас берген. Оның мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 11 минутты құрайды.

Қорғаушы Самат Данияр 6 шайба соғып, 35 нәтижелі пас берген және қарсыластардың 320 соққысына тосқауыл қойған. Оның мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 15 минутты құрайды.

«Барыс» ХК-нің бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК-нің серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_9656.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы