ӘЧ IА. Қазақстан – Жапония 6:0
03 Мамыр 2026

ӘЧ IА. Қазақстан – Жапония 6:0

Әлем чемпионатының IА дивизионы А тобындағы екінші матчта Қазақстан құрамасына Жапония қарсы тұрды. Қазақстандық бапкерлер штабы бірінші және төртінші буындарға аздаған өзгеріс енгізіп, Артур Гатиятов пен Батырлан Мұратовты орындарымен алмастырды. Қақпада алғашқы минуттардан бастап Никита Бояркин тұрды.

Ойынның шешуші кезеңі екінші бөлікте болды. Осы уақытта алаң иелері үш шайба соқты. Алдымен Дінмұхамед Қайыржан қақпа алдында жалғыз қалып, мүмкіндігін мүлт жібермеді. Кейін Ансар Шайхмедденов «2-ге 1» қарсы шабуылын нәтижелі аяқтады. Ал одан сәл кейін Дмитрий Бреус алыстағы «тоғыздыққа» дәл соққы жасап, есепті ұлғайтты. Бір қызығы, үшеуі де ересектер арасындағы әлем чемпионаттарындағы алғашқы голдарын соқты. Үш голдың барлығында да нәтижелі пас авторы Артур Гатиятов болды.

Үшінші кезеңде Әлихан Әсетов артықшылықта қарсылас қақпасы маңында сәтті ойнады. Роман Старченко аймақ ортасынан жасаған соққысымен қарсылас қақпашысына мүмкіндік қалдырмады. Ал Кирилл Ляпунов ұлттық құрама сапындағы дебюттік голын тіркеді. Никита Бояркин 16 сейв жасады.

Екі матч қорытындысы бойынша Қазақстан 6 ұпай жинады. 5 мамыр күні Талғат Жайлауов шәкірттері Польшаға қарсы ойнайды. Басталу уақыты 22:30.

Қазақстан – Жапония 6:0 (0:0, 3:0, 3:0)
 1:0 – 22:11 – Қайыржан (Гатиятов, Өмірбеков)
 2:0 – 27:56 – Шайхмедденов (Гатиятов)
 3:0 – 33:13 – Бреус (Гатиятов, Әсетов)
 4:0 – 53:40 – Әсетов (Данияр, Шестаков) АГ
 5:0 – 55:20 – Старченко (Мұратов, Шестаков)
 6:0 – 56:26 – Ляпунов (Өмірбеков, Михайлов)

Қақпашылар: Бояркин – Отсука
 Фото – IIHF

777.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Тайс Томпсон Барыста қалды

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

new-preview
Barys

Джейк Масси Барыспен екі маусымға келісімшартын ұзартты