«Барыс» – «Салават Юлаев» матчы алдында
09 Қыркүйек 2026

«Барыс» – «Салават Юлаев» матчы алдында


«Барыс» қыркүйек айындағы өз алаңындағы алғашқы ойындар сериясын «Салават Юлаевпен» кездесумен жалғастырады. Матч «Super Star 48» мерекелік сериясы аясында өтіп, қазақстандық хоккейдің аңызы Роман Старченкоға құрмет көрсетуге арналады.

Уфалықтар маусымды сәтті бастап, сырт алаңда екі жеңіске жетті. Дүйсенбі күні Виктор Козловтың шәкірттері Омбыда өз қақпасына гол өткізбей, «Авангардты» 4:0 есебімен жеңді. Башқұртстан астанасының командасы сапында Джек Родуолд, Никита Щербаков, Ярослав Цулыгин және жаңадан қосылған танымал шабуылшы Вадим Шипачёв гол соқты. Семён Вязовой қақпаға бағытталған 41 соққының барлығын қайтарды. «Салават Юлаевтың» бас бапкері матчтан кейін ойыншыларының жанкештілігі мен ойын тәртібін сақтағанын атап өтті.

«Барыс» ҚХЛ-дағы 19-маусымын «Сібірді» 7:1 есебімен жеңіп бастады. Жаңа командасының сапындағы алғашқы матчта Джастин Бэйли дубль жасаса, Чейз Приски мен Гарретт Пилон бір-бір шайбадан соқты. Сондай-ақ жас қазақстандық хоккейшілер Всеволод Логвин, Дінмұхамед Қайыржан және Семён Симонов бір-бір реттен көзге түсті. Астаналықтардың тағы бір жаңа ойыншысы, қақпашы Хантер Шепард 28 соққыны қайтарды. Михаил Кравец трибунадан командаға дем берген 10 мың жанкүйерге қолдауы үшін алғыс айтып, барлық бестіктердің үйлесімді ойынын атап өтті.

«Барыс» – «Салават Юлаев» матчы Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.

Матч алдындағы шоу сағат 18:40-та басталады. Жанкүйерлерден аренаға уақтылы келіп, трибунадағы орындарына алдын ала жайғасуды сұраймыз.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

Матчты KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.

Match day social.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Барыс Диханбекпен екіжақты келісімшарт жасасты

new-preview
Nomad

Номад - Ертіс екінші ойыны алдында

new-preview
12 фото
Nomad

Номад - Ертiс