Борис Иванищев пен Андрей Скабелка БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап берді (видео)
25 Ақпан 2023

Борис Иванищев пен Андрей Скабелка БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап берді (видео)

«Барыс-Арена» баспасөз орталығында «Барыс» басшылығының БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Сұрақтарға клуб президенті Борис Иванищев пен негізгі команданың бас бапкері Андрей Скабелка жауап берді.

Борис Иванищев клуб тарихындағы ең нашар маусым туралы  

- Иә, расымен, сәтсіз маусым. Бірақ, хоккей – спорт. Сондықтан мұнда жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Нақты нәтижені болжап білу мүмкін емес. Нәтиже көптеген факторларға байланысты, оның ішінде команда құрамы, қарсыластар, матчтар күнтізбесі, ойыншылардың жарақаты сияқты нәрселелер маңызды рөл ойнайды. Биылғы маусымда команда құрамы 70%-ға жаңарды. Бір легионерден басқасының бәрі Лигаға жаңадан қосылды. Өткен маусымнан тек Вей қалды. Көптеген қазақстандық ойыншылар, сонымен қоса легионерлер де осындай айтарлықтай жоғары деңгейдегі Лигада алғашқы толыққанды маусымдарын өткізді. Жаңа лиага бой үйрету үшін уақыт қажет. Жазда «Барыс» бірнеше легионермен келісмі жасап қойған, алайда олар геосаяси жағдай салдарынан ҚХЛ-да ойнаудан бас тартты. Шетелдік ойыншыларды тарту – әртүрлі спорт түрлерінде қолданылатын әлемдік тәжірибе. Шетелдің үздік ойыншылары жергілікті спортшылар өзін дамытып, шеберліктерін шыңдау үшін де шақыртылады. Жыл сайын «Барыс» сапында өнер көрсететін Қазақстанда туып-сөкен хоккейшілердің саны артып келе жатқанын атап өткім келеді. Бірақ кейбір жакнүйерлер бұған қатысты басқаша ой-пікірде. Осы маусымда Қазақстанда туып-өскен 15 хоккейші «Барыс» сапында ойнады. Бұл тізімге Қазақстан азаматтығын алған спортшылар кірмейді. Оған қоса, жас қақпашы Әмірбеков маусымды командамен бірге өткізді.

Андрей Скабелка маусымды қорытындылады

- Мен командаға келгенде өткен маусымнан қалған тек екі қорғаушы болғанын айту керек. Шалапов пен Данияр. Лигада өнер көрсетіп жүргендерден. Оған қоса Бекетаев болды, бірақ ҚХЛ-да толыққанды бірде-бір матч өткізбеген еді. Осы айтылған сөз қақпашыларға да қатысты. Легионерлер құрамы да толығымен жаңарды. Сондықтан, егер толық маусымды алып қарастырар болсақ, көптеген ойыншылар алға бір қадам жасады деуге болады. Олар өздерінің мансаптарындағы үздік маусымын өткізіп, прогресс жасады. Әділ Бекетаевты ғана алып қарастырайық. Маусым қорытындысында барлық көрсеткіштер (пайдалылық, ұпай саны, тосқауыл қойылған соққылар) бойынша команданың ең үздік қорғаушысы атанды. Күтпеген жерден команданың басты ойыншыларының біріне айнала білді. Жекелей тұрғыдан алғанда, көптеген ойыншылар алға бір қадам жасады, бірақ команда ретінде бұл қолымыздан келген жоқ. Тұрақты маусым кезінде нағыз команда ретінде өнер көрсеткен кездеріміз болды, бірақ қысқа. Командадағы өзге ойыншыларды артынан ілестіретін көшбасшы бестік боғлан жоқ. Маусым бойына тек Борякинмен және Шутовпен өнер көресту ойымызда болған. Маусым алдындағы матчтар мен турнирлерде бәрі ойдағыдай болды. Бірақ чемпионат басталған бойда мықты қақпашы іздеуіміз керек екені айқындалды. Ал анрықта Гудачектен өзге бос қақпашы болмады. Бұған қоса, оған қызығушылық танытқан командалардан біз жалғыз болған жоқпыз. Омбы және «Трактор» сияқты командалар бізден жоғары болды. Жігіттердің кібне тәжірибе жетіскен жоқ, сонымен қатар күнтізбе күрделі болды. Бір айда 17 матч ойнадық. Командада өнер көрсете алатын ойыншылардың аздығы мен тәжірибенің жоқтығы өз рөлін ойнады. Соңғы алты ойын қалғанның өзінде де плей-офф сегіздігінен үмітті командалардың қатарында болдық. Бірақ соңында сәл күшіміз жетпей қалды. Бірақ біраз ойыншылардың бойында өсі бар екенін тағы бір мәрте атап өткім келеді.

Андрей Скабелка трансферлік жұмыс жайында

- Алдыңғы жылдардағы команда құрамын жасақтау туралы айтсақ, Қазақстан азаматтығы бар ойыншылардың бәрі «Барыста» ойнады. Трансферлік кезеңнің қызған шағы АХЛ мен ҰХЛ-да маусым аяқталғаннан кейін басталды. Өткен жылдары қарастырған ойыншылармен келісімшарт жасасу сияқты сәттер болды, бірақ олардың бәрі соңғы жауапты ҰХЛ трансферлік кезеңі басталғаннан кейін ғана берді. Ұсыныс алғандар сол жақта қалды, ал ұсынылған талаптармен келіспегендер не ҰХЛ-дан келісімшарт алмағандар біздің жасаған ұсыныстарымызға келісті. Осымен екінші маусым трансферлік кезеңдегі жағдай түбірімен ауысып жатыр. Біріншіден, легионерлер лимитінің қысқаруына байланыста Қазақстан азаматтығы бар ойыншылар өзге клубтарға ауысу мүмкіндіктерін еркін қарастыра алады. Бюджеті көп командалар оалр үшін орта деңгейдегі жалақы ұсынады, ал бұл біз үшін қомақты қаражат. Оған қоса, геосаяси жағдайдың әсерінен көп ойыншылар келуден бас тартады. Қазір көбіне Лигаға келуге америкалық және канадалық ойыншылар келісім береді. Кейбір еуропалық ойыншылар ғана ұсынысты қарастырып көреді, қалғандары оны елемейді де. Мұнда келгісі келгендер Германия чемпионатынан келді. Олар өз чемпионаттарында ұпай жағынан көшбасшы болғанымен, Лигалар деңгейінде айырмашылық бар. Ойындар күнтізбесін есепке алғандар, барлық ойыншы бірдей бұған дайын болған жоқ. Қазір команда құрамын жасақтау мен ойыншыларды таңдау әдістері өзгеріп жатыр.

Борис Иванищев маусым барысындағы бұзылған келісімшарттар жайында

- Минеев, Семинмен және Биграспен келісімшарт жасау жайында мәселе болды. Минеевпен және Семинмен келісімшартты бұзғанда, оларға өтемақы төлемегенімізді айта кетейін. Биграсқа тек бір айлық өтемақы төленді. Крис айтарлықтай мықты ойыншы, АХЛ чемпионы, бірақ Лигада өзін лайықты деңгейде көрсетіп, сіңісіп кете алған жоқ. Осы жерде Майкл Шапю туралы да айта кетуге болады. Ол өзінің жоғары деңгейлі ойыншы екенін көрсете алды, бірақ жарақатының кесірінен әлеуетін толық мөлшерде көрсете алған жоқ. 1 ақпаннан бастап жалақысы сақталмайтын демалысқа кетті. Трансферлік жұмыс жыл он екі ай бойы, маусым бойы үздіксіз жүргізіледі. Сондықтан клуб маусым барысында да құрамды жақсарта түсу жолдарын іздестіреді. Кеткен спортшылардың орнына өзге хоккейшілер шақыртылды. Одан кейін легионерлердің жалақысы мен клбу бюджеті туралы да сұрақтар болды. Әрине, легионерлердің жалақысы мен жергілікті ойыншылардың жалақысы арасында айырмашылық бар. Жалақы мөлшері ойыншының біліктілігіне байланысты, әр хоккейшінің нарықтық бағасы болады, сонымен қатар оның атқаратын жұмысының саны мен сапасы, жауапкершілігі, жеткен жетістіктері маңызды рөл ойнайды. Мәселен, команданың үздік сұрмергені Линден Вей Гагарин Кубогының иегері, Олимпиада ойындарының жүлдегері қазақстандық ойыншылардың арасындағы үздігі Никита Михайлиспен тең жалақы алады. Сонымен қатар, жалақы бюджеті жөнінен «Барыс» көптеген ҚХЛ клубтарынан төмен тұр. Биыл валюталар курсындағы айырмашылық салдарынан жалпы қаржыландыру көлемі қысқарды. Оған қоса, геосаяси жағдай мен валюта курсындағы өзгерістерлен «Барыс» жүйесіндегі командалардың да шығыны артты. Ұшақ билеттері, команданың жатын орны, жабдықтары – бәрі-бәрінің бағасы өсті. Бюджет қысқарған сайын жоғары деңгейлі ойыншылармен келісімшартқа қол қою да қиын болып барады. Келер маусымда клбутың ең төменгі жалақы мөлшеріне енбей қалу қаупі де бар. Келесі маусымнан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өседі, әрі қарай да ол өсуін жалғастыра береді. Біздің бюджет өзге командалармен салыстырғанда, аз.

Андрей Скабелка хоккейшілермен келісімшарттарды ұзарту туралы

- Әрине, аттарын атамаймын. Ойыншылардың прогресі туралы айтар болсақ, оны одан сайын күшейтіп, бекіте түсуіміз керек. Бойынан айқын прогресс байқалатын және командада қалғанын қалайтын ойыншылар бар. Қоштасатын да хоккйешілер бар екенін жасырмаймын. Команданы күшейткіміз келеді және осы үшін жұмыс істейміз.

Андрей Скабелка өзге лигаларда өнер көрсететін ойыншылардың Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алатын ойыншылар туралы

- Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені Александр Борисевичті шақырттық. Одан жақсы прогресс байқалады. Біз оның сол кезде бас бапкері болған Петерис Скудрамен сөйлестік. Александр туралы тек жақсы пікір айтты, бірақ ҚХЛ-ға кіру үшін өзгеше дайындық керек, ол өте маңызды сәт. Қазақстан чемпионатындағы ойыншыларының бәрі біздің назарымызда, плей-оффты жіті бақылаймыз. Әлем чемпионаты – өз елінің үздік лигаларында өнер көрсететін ең жақсы ойыншылардың чемпионаты. Әрине, біз де ең үзідктерін алғымыз келеді, бүгінде олардың бәрі ҚХЛ-да ойнайды. Егер қазақстандық хоккейшілер ҰХЛ-да, Швейцария не Швеция лигаларында ойнаса, оларды да шақыратын едік. Бірақ қазіргі таңда ең үздіктер Құрлықтық хоккей лигасында ойнап жүр.

Борис Иванищев келесі маусымдағы клуб бюджеті туралы

- Келесі жылдың бюджеті қарастырылып жатыр. Біз өтініш бердік, бірақ әлі нақтыланған жоқ. Өзге қалалардағы сапарларға да, жалақының ең төменгі мөлшеріне де жететіндей етіп өтініш бердік. Әрине, алдымен қазақстандық ойыншыларды сақтап қалуға тырысамыз. 30 сәуірден кейін легионерлерден кім қалатыны, кім қалмайтыны нақты белгілі болады. Михайлис командада қалуы үшін, жалпы барлық дерлік ойыншыларды сақтап қалу үшін барымызды саламыз. Мұның бәрі алдын-ала айтылады, бірақ соңғы нәтиже 30 сәуірден кейін анықталады.

Андрей Скабелканың Юлиус Гудачек жайлы пікірі

- Команданы барлық қырынан жақсарту керек, оның ішінде қақпашылар да бар.  

Андрей Скабелка жанкүйерлер талаптары туралы

- Оларға қалай жауап беру керек екенін білмеймін. Бүгін маусым үшін алғыстарын білдірген жанкүйер көп болды. Әркімнің өз ойы бар, әрқайсысын сыйлаймын. Команда маусымға қойылған міндетті орындай алмағаны түсінікті. Ол бәріміздің қолымыздан келген жоқ.

Борис Иванищев Кевин Даллмэннің ұсынысы туралы

- Иә, біз онымен сөйлестік. Бірақ ол кезде нақты ештеңе айтылған жоқ. Ригада өтетін әлем чемпионатында кездесуіміз керек. Ол командаға, ұлттық құрамаға көмектескісі келетінін жеткізді. Бұл әлі талқыланады.

Борис Иванищев «Снежные Барсы» командасының ЖХЛ оралатыны туралы

- Келесі маусымда пандемияға дейін ЖХЛ-да өнер көрсеткен жастар командамыз Лигаға қайта оралуы үшін бюджетке өтініш бердік. БЖСМ де Ресей чемпионаттарына қайта қосылады, бұған дейін шекара жабық болды. Құжаттарды ЖХЛ-ға тапсырдық, алдын-ала келісім бар. Өзім ЖХЛ басшысымен кездестім, сондықтан келер маусымда жастар сол Лигада ақйта ойнай бастайды.

Андрей Скабелка Батырлан Мұратовтың ойын деңгейі жайында

- Команда созылмалы емес. Бізде бары 20 орын ғана, оның ішіне 2002 және 2003 жылдар туған екі жас ойыншы кіреді. Батырланның жақсы қасиеттері өте көп, оларды дамыту керек. Барлығы өзіне байланысты, көбірек тырысып, жігер танытуы қажет. Ол бәсекеге қабілетті болуы әрі оған шыдай білуі керек.

Борис Иванищев маусым күнтізбесі туралы

- Ойындар кестесін жасауға қатысты ұсыныстарымызды тапсырдық, алайда өкінішке қарай, осындай күнтізбе жасалды. Қиыр Шығыста бес күн ішінде төрт матч өткізіп келе сала, өз айдынымыздағы матчтарды араға күн салып ойнадық. Бір айда 17 ойын, өте күрделі күнтізбе. Әрине, ойнаймыз, бірақ мұндай ауыр кесте команданың қалыпқа келуіне әсер етеді және жарақат алған ойыншылар да көп болды. Маусым бойына 20-ға жуық адам жарақат алды. Жарақаты жоқ ойыншыларды саусақпен санауға болатын еді. Қазірдің өзінде көбінің жарақаты бар, кейбірі ота жасатты.

Андрей Скабелка әрі қарайғы жұмыс жоспары жайында

- Екіжақты келісімшарты бар ойыншылар маусымды «Номад» құрамында жалғастырады. Жалпы, командаға екі апталық демалыс берілді. Екі аптадан соң, жұмысқа қайта ораламыз. Физикалық қалпымызда болу үшін жаттығу жасап, дайындықты әрі қарай жалғастырамыз.

Андрей Скабелка Егор Петуховтың бұрын-соңды болмаған нәтижесі туралы

- Биылғы маусымда командадағы шабуылшы легионерлердің саны айтарлықтай азайды. Ол осы жағдайды тиімді қолдана білді, көп ойын уақытын алды, барлық голдарын тең құрамда жүріп соқты. Бұл оның үлкен артықшылығы, өйткені ол сан басымдығы кезінде ойнаған жоқ. Сонымен қоса, маусым бойы артық құрамды жүзеге асыратын бестікте ойнаған шабуылшыларымызбен тең гол соқты. Ол үлкен жұмыс атқарып, өзіне берілген мүмкіндікті қолданды.

Андрей Скабелка қызметінен кетуге дайындығы туралы

- Кез келген бапкер қызметінен кетуге дайын жүреді. Оны қандай да бір сәтте қызметінен босату үшін де жұмысқа алады. Бұл туралы ойлаған жоқпын. Жағдайды жөндегіміз келді, тұрақты маусымның аяқталуына алты тур қалғанның өзінде плей-офф сегіздігіне енуге мүмкіндігіміз болды. Бірақ соңғы сәтте күресуге күшіміз жетпей қалды.

Андрей Скабелка жанкүйерлер туралы

- Астана – хоккейді енді танып келе жатқан қала. Өскеменді не Қарағандыны алсақ, онда хоккейдің қалыптасқан өзіндік дәстүрлері бар. Астана туралы айтар болсақ, бүгін жанкүйерлер плей-оффтың бірініш кеезңінен өткенімізде, команда балалар мен жанкүйерлерді хоккейге қызықтыра алғанын айтты. Әрине, команданың табысты нәтижесі маңызды. Жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Керемет қолдау көрсетті. Плей-оффқа шықпағанымыз анық болған күннің өзінде команданы қолдаусыз қалдырған жоқ. Жанкүйерлерге осы маусымдағы қолдау үшін көп рақмет!

Борис Иванищев жанкүйерлер туралы

- Бұл маусымның оң тұстары да бар екенін атап өткім келеді. Карантиннен кейін жанкүйерлер аренаға қайта оралып жатыр, команданың сәтсіз өнер көрсеткеніне қарамастан, билеттер сатылымы мен жарнама жағынан осы маусым табысты болды. Алдымен ребрендинг туралы айтқым келеді. Жанкүйерлерден тең жағымды пікірлер келіп түсті. Клубтың атрибутика дүкеніндерінде артқан сатылым санына қарап-ақ осыны аңғаруға болады. Маусым бойы қолдау білдірген жанкүйерлерімізге рақмет. Кеше де олар кетпей, соңына дейін қолдау көрсетті.

Андрей Скабелка ойыншылардың қысқы мерзімді келісімшарттары жайында

- Дұрыс жасалмаған келісімшарттар өзекті мәселе. Борис Анатольевичпен бұл мәселені талқыладық, келер маусымнан бастап бір жылға шақталған келісімшарттарды ұсынбаймыз. Қазақстандық ойыншылардың келісімшарты кем дегенде екі жылға жасалуы керек, үш жыл болса тіпті жақсы. Ойыншылар біздің оларға сенім артатынымызды білуі керек.

Борис Иванищев келесі маусым мақсаттары мен Скабелка бастаған бапкерлік құрамның әлеуеті туралы

- Қмақоршылық кеңеспен тағы кездесеміз. Басты міндет плей-оффқа шығу болады. Плей-оффта ұзағырақ өнер көрсетуге ұмтыламыз. Бапкерлік құрамның бұған күші жетеді деп ойлаймын. Андрей Владимирович жас хоккейшілеріміздің ойнауына мүмкіндік беріп жүр, осы маусымда оны бәріңіз де көрдіңіздер. Келесі жылы олар бұдан да мықты бола түседі деп ойлаймын. Биыл олар дебюттік маусымдарын өткізді, ал келесі тәжірибелері болады. Шілдеде толыққанды оқу-жаттығу жиындарына кірісу үшін осы маусымда жергілікті жастарды бақылауды жалғастырамыз.

 

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan