Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
25 Маусым 2025

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

DSC_5998.jpg

Хоккей енді балаларға бұрынғыдан да жақын. Қазақстан хоккей федерациясы (ҚХФ) мен ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы (ҰННПЦФК) спорт пен дене шынықтыруды қолжетімді ету, мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамыту және балаларды салауатты өмір салтына тарту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім аясында еліміздің әр өңіріндегі мектептерге хоккейге арналған арнайы құрал-жабдықтар, сырғанап үйренуге көмектесетін тірек-қондырғылар, сондай-ақ 600 жиынтық қорғаныш киім, шлем мен коньки беріледі. Алғашқы жиынтықтар Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және  Қостанай облыстарынан келген дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне табысталды. Жалпы, 50 мектепті қамту көзделіп отыр.

Жоба аясында Salem Hockey бағдарламасы іске қосылады. Бұл — балаларға хоккей спортын таныстырып, қызығушылықтарын оятуға бағытталған бастама. Бағдарлама шеңберінде ашық сабақтар, демалыс күнгі хоккей, экскурсиялар, шеберлік сабақтары мен фестивальдер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, хоккейдің ерекшеліктері, құрал-жабдықтары мен ережелері туралы кеңінен ақпарат беретін арнайы сайт іске қосылды.

Жоба тек инвентарьмен шектелмейді. JAS NOMAD бағдарламасы арқылы дене шынықтыру пәні мұғалімдері хоккейдің негіздерін үйретуге арналған семинарлардан өтіп, әдістемелік қолдау алады.

DSC_5944.jpg

Келісімге Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Сәкен Мұсайбеков пен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Арман Ташметов қол қойды. Іс-шараға Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан де қатысты.

Жобаның басты мақсаты – балаларға хоккейді жақындату, мектеп қабырғасынан бастап спортқа қызығушылығын ояту. Сабақ үстінде алғаш рет таяқ ұстап көрген оқушы ертең кәсіби спорт жолын таңдауы әбден мүмкін.


Дереккөз: ҚХФ баспасөз қызметі


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Тайс Томпсон Барыста қалды

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

new-preview
Barys

Джейк Масси Барыспен екі маусымға келісімшартын ұзартты