Барыс Ақтөбені қайта жеңіп, 200 шайба межесінен асты
13 Желтоқсан 2025

Барыс Ақтөбені қайта жеңіп, 200 шайба межесінен асты

«Барыс» сырт алаңда «Ақтөбе» командасын тағы да жеңді. Қос команданың қайта кездесуінде ойын тағдырын екінші кезең шешті. Біздің команда сапында Арғын Мұқашев, елордалық ұжымның осы маусымдағы 200-ші шайбасын соққан Әлішер Аманғалиев, сондай-ақ Алан Кенжеғали, Тамерлан Тілеубаев, Никита Ломако және Арсен Қайыргелді мергендігімен көзге түсті. Қақпашы Леонид Кравцов қарсыластың 24 соққысын қайтарды.

30 матчта Андрей Шаяновтың ойыншылары 58 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. 17 және 18 желтоқсан күндері «Барыс» өз алаңында оралдық «Сұңқар» командасын қабылдайды.

«Ақтөбе» - «Барыс» 1:6 (0:1, 0:4, 1:1)

0:1 - 03:15 - Мұқашев (Мейірман, Елдес)

0:2 - 21:25 - Аманғалиев (Шәкенов)

0:3 - 21:50 - Кенжеғали (Толстунов, Саттар)

0:4 - 23:10 - Тілеубаев (Кравченко, Ломако) АГ

0:5 - 32:11 - Ломако (Кравченко, Тілеубаев)

1:5 - 51:42 - Артамонов (Катасонов, Болат) АГ

1:6 - 54:44 - Қайыргелді (Церульников, Крутский)

Қақпашылар: Шпигун - Кравцов

   WMUSTAFIN-19.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.

new-preview
12 фото
Nomad

PRO LIGASY финалының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

new-preview
Barys
Nomad

Номад – Қазақстанның үш дүркін чемпионы