Батырлан Мұратов Барыста тағы бір маусым қалады
22 Маусым 2026

Батырлан Мұратов Барыста тағы бір маусым қалады

«Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Батырлан Мұратовпен келісімшарт жасасты. Екіжақты келісім бір маусымға есептеліп, 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды болады.

Өткен ҚХЛ тұрақты чемпионатында қанаттағы шабуылшы 8 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Сонымен қатар Мұратов «Номадқа» Pro Ligasy чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алуға көмектесті. Ал жақында өткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында Батырлан Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы атанды.

Леонид Метальников, «Барыстың» бас менеджері:

– Батырлан – клубтың түлегі әрі Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Ол біздің талаптарымызды жақсы түсінеді. Осы маусымда оның жаңа деңгейге көтеріліп, командаға үлкен пайда әкелетініне сенім артамыз.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын» қолдау қоры.

18.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы