Барыс тартысты ойында Ак Барстан ұтылды
25 Қыркүйек 2025

Барыс тартысты ойында Ак Барстан ұтылды

«Барыс» қыркүйектегі екінші өз алаңындағы сериясын «Ак Барспен» ойында бастады. Маусымда алғаш рет КХЛ матчына Всеволод Логвин мен Кирилл Ляпунов шықты. Қақпада астаналықтардың жаңа қақпашысы Адам Шил дебют жасады.

Оның «құрғақ» ойыны небәрі 14 секундқа ғана созылды. Қазандықтар «екіден бірге» өткір шабуыл ұйымдастырып, Владимир Алистров есеп ашты. Алғашқы кезеңде алаң иелері екі мәрте артықшылықта  ойнады, бірақ сан басымдығын пайдалану мүмкін болмады. Екінші кезеңде «Барыс» басым болды. Команда бірнеше рет қауіпті сәт жасады, алайда қарсылас қақпашысы Тимур Билялов бәрінде сенімді ойнады.

Шешуші кезеңнің басында «Ак Барс» сирек мүмкіндігінің бірін жүзеге асырды – Никита Дыняк артықшылықта көзге түсті. Бірақ келесі шабуылда-ақ Майкл Веккьоне көк сызықтан бағытталған соққыны қақпаға жеткізіп, есепті қысқартты. Дегенмен қалған уақытта «Барыс» таразы басын теңестіре алмады – шешуші сәттерде гол соғу жағынан жолы болмады.

27 қыркүйекте Михаил Кравец ойыншылары өз мұз айдынында «Сібірді» қабылдайды.

«Барыс» - «Ак Барс» 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)

0:1 – 00:14 – Алистров (Семёнов, Барабанов)

0:2 – 42:27 – Дыняк

1:2 – 42:56 – Веккьоне (Масси, Морелли)

Қақпашылар: Шил – Билялов

«Барыс Арена». 9 017 жанкүйер

   

 

DSC_0286.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Жапония 6:0