Барыс жеңілістер сериясын үзді
16 Қазан 2025

Барыс жеңілістер сериясын үзді


Өз алаңындағы үшінші ойынында «Барыс» Шығыс конференциясының көшбасшыларының бірі «Авангардты» қабылдады.

Астаналықтар ойынның алғашқы минуттарын сенімді өткізді және екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Алдымен Райли Уолш артық құрамның көмегімен есеп ашты, ал көп ұзамай Мэйсон Морелли Самат Даниярдың пасынан кейін қарсыластың қақпасына шайбаны бағыттады. Қонақтар да бір мүмкіндігін пайдаланып, артық құрамда есепті қысқартты -  Николай Прохоркин көзге түсті.

Екінші кезеңнің жартысын «Барыс» азшылықта өткізді, және бір сәтте қарсылас  басымдығын пайдаланып, Дамир Шарипзянов шайба соқты. 

Шешуші кезеңнің басында Майкл Веккьоне сол жақ шеңберден мықты соққысымен «5-ке  3» форматында ерекшеленді. Қазақстандықтардың табысын Әділ Бекетаев жалғастырып, осы маусымдағы алғашқы шайбасын соқты. Кейін Всеволод Логвин Андрей Мишуровтың қателігін пайдаланып, алаң иелерінің артықшылығын арттырды. Матчтың соңғы нүктесін Дінмұхаммед Қайыржан қойып, «бүркіттердің» бос қақпасына шайба соқты. 

18 қазан күні Михаил Кравецтің ойыншылары өз алаңында «Ақ Барсты» қабылдайды.

«Барыс» - «Авангард» 6:2 (2:1, 0:1, 4:0)

1:0 – 04:17 – Уолш (Морелли, Веккьоне) АГ

2:0 – 05:24 – Морелли (Данияр, Масси)

2:1 – 13:32 – Прохоркин (Окулов, Лажуа) АГ

2:2 – 34:55 – Шарипзянов (Окулов, Лажуа) АГ

3:2 – 40:45 – Веккьоне (Уолш, Морелли) АГ

4:2 – 43:35 – Бекетаев (Томпсон)

5:2 – 51:52 – Логвин

6:2 – 56:27 – Қайыржан БҚ

Қақпашылар: Шил – Мишуров

«Барыс Арена». 6 776 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_6639.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасының кестесі мен құрамы

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы