Барыс маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
13 Қыркүйек 2025

Барыс маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады


«Барыс» өз алаңындағы сериясын минскілік «Динамомен» кездесумен жалғастырды. Астаналықтар сапында тек бір ғана өзгеріс болды – Руслан Оспановтың орнына Континенталды хоккей лигасындағы алғашқы ойынын өткізген Вячеслав Колесников шықты. Айта кету керек, биылғы маусымда алғаш рет «Барыс Арена» толық жанкүйерге толды – ойынды 11 626 көрермен тамашалады.

Қонақтар есепті алтыншы минуттың басында ашты – Алекс Лимож көк сызықтан жасалған соққыға клюшкасын дәл қойды. Келесі голды жанкүйерлер екінші кезеңнің соңына қарай ғана көрді. Мэйсон Морелли қақпашымен бетпе-бет шыққан сәтте пасын Майкл Веккьонеге жеткізді. 88-нөмір жаңа командасындағы ресми кездесулерде алғашқы голын соғып үлгерді. Арада бір минут өткенде Лимож дубль авторы атанса, үзіліске 9 секунд қалғанда Сэм Энэс минскіліктердің басымдығын арттырды.

Нәтижесінде, бұл гол кездесудің нүктесін қойды. 15 қыркүйек күні Михаил Кравецтің ойыншылары өз айдындарында мәскеулік «Динамомен» кездеседі.

«Барыс» - «Динамо» Минск 1:3 (0:1, 1:2, 0:0)

0:1 – 05:11 – Лимож (Уэлле, Энэс)

1:1 – 33:32 – Веккьоне (Морелли, Галимов)

1:2 – 34:30 – Лимож (Пинчук)

1:3 – 39:50 – Энэс (Уэлле, Фукале)

Қақпашылар: Шутов – Фукале

«Барыс Арена». 11 626 көрермен

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_6318.jpg

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі