Барыс биылғы Jastar Ligasy  маусымында 60 ұпайға бірінші болып жетті
17 Желтоқсан 2025

Барыс биылғы Jastar Ligasy маусымында 60 ұпайға бірінші болып жетті

Jastar Ligasy тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» жастар командасының кезекті қарсыласы оралдық «Сұңқар» болды. Үшінші кезеңдегі қарқынды ойының арқасында Андрей Шаяновтың ойыншылары сенімді жеңіске жетті. Алдияр Қабдуәлі екі дәл соққының авторы атанса, Андрей Церульников, Хәкім Құбатаев, Данил Дронов және Нұрали Айтмағамбетов бір-бір шайбадан соқты. Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 19 соққыны қайтарды.

Елорда командасы лигада алғаш болып 60 ұпайлық межеге жетіп, чемпионатта көш бастап келеді.

«Барыс» - «Сұңқар» 6:1 (1:0, 1:0, 4:1)

1:0 - 19:31 - Қабдуәлі (Тлеубаев)

2:0 - 33:37 - Қабдуәлі (Айтмағамбетов) АГ

2:1 - 41:02 - Михеев (Серікбулатов, Родионов) АГ

3:1 - 45:58 - Церульников (Крутский, Аманғалиев) АГ

4:1 - 47:22 - Құбатаев (Мейірман, Мұқашев)

5:1 - 53:56 - Дронов (Саттар)

6:1 - 55:09 - Айтмағамбетов (Қабдуәлі, Тілеубаев) АГ

Қақпашылар: Кучковский - Шарипов

DSC_2503.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі