Ұзаққа созылған өз алаңындағы ойындар серияның соңғы матчында «Барыс» «Амурды» қабылдады. Астаналықтардың құрамындағы жалғыз өзгеріс қақпашыларда болды. Қақпаны алғашқы минуттардан Адам Шил қорғады.
Үшінші минуттың басында қонақтардың қақпасына шайба соғылды. Алайда төрешілер бұл сәтті бейнеқаталаудан қарап, голды есептемеді. Всеволод Логвин шайбаны аяғымен салған. Бірақ үзіліске дейін «Барыс» ережеге сай шайба соқты. Қорғаушы Джейк Масси жеке шеберлігінің арқасында көзге түсті.
Екінші кезең алаң иелерінің айқын басымдығымен өтті. Хабаровскілік ойыншылар ұзақ уақыт бойы сәтті қорғанды. Дегенмен кезеңнің соңында Әлихан Өмірбеков пен Тайс Томпсонның дәл әрі жылдам соққылары қақпашы Максим Дорожконыны ауыстыруға мәжбүрледі. «Амурдың» бапкерлер штабы ойынға Дамир Шаймардановты шығарды.
Соңғы кезеңде астаналықтар ойын қарқынын жоғалтып алды, себебі бірнеше рет айып алды. Ал матчтың аяқталуына 36 секунд қалғанда Кирилл Петьков Адам Шилдіің қақпасына нәтижелі соққы жасады. Қазақстандық клубтың қақпашысы бағытталған 31 соққыны қайтарды. 27 қазанда Михаил Кравецтің ойыншылары Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» кездеседі.
«Барыс» - «Амур» 3:1 (1:0, 2:0, 0:1)
1:0 – 15:09 – Масси (Қайыржан, Томпсон)
2:0 – 33:35 – Өмірбеков (Панюков, Данияр)
3:0 – 37:38 – Томпсон (Веккьоне)
3:1 – 59:24 – Петьков (Грачёв)
Қақпашылар: Шил – Дорожко (Шаймарданов, 37:38–60:00)
«Барыс Арена». 8 997 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.