Барыс чемпионаттағы екінші жеңіске ие болды
21 Қыркүйек 2025

Барыс чемпионаттағы екінші жеңіске ие болды


«Барыс» жастар командасы тұрақты чемпионаттағы кезекті кездесуін өз алаңында өткізіп, «Торпедоны» айқын басымдықпен ұтты. Қожайындар сапында Владимир Чепышкин дубль авторы атанса, тағы бір шайбаны Тамерлан Тлеубаев соқты. Қақпашы Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды.

Екі ойыннан кейін Андрей Шаяновтың ойыншылары төрт ұпай жинады. 24 және 25 қыркүйекте «Барыс» Астанада «Ақтөбеге» қарсы ойнайды.

«Барыс» – «Торпедо» 3:1 (0:1, 3:0, 0:0)

0:1 – 01:17 – Худяков (Мирошниченко)

1:1 – 27:30 – Тлеубаев (Шарапов, Алпкарин)

2:1 – 33:15 – Чепышкин (Шакенов, Шарапов)

3:1 – 33:40 – Чепышкин АГ

Қақпашылар: Кучковский - Зиновьев

 

DSC_7069.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
9 фото
Барыс

Барыс - Астана

new-preview
Барыс

Айтмағамбетовтің покері Барысқа елордалық дербиде жеңіс әкелді

new-preview
9 фото
Барыс

Барыс - Астана