Барыс Металлургке кеткен есесін қайтара алмады
26 Ақпан 2025

Барыс Металлургке кеткен есесін қайтара алмады

SH023050.jpg

Сырт айдындағы ойындар сериясының алғашқы матчында «Барыс» Гагарин Кубогының иелері «Металлургпен» кездесті. Астаналық команда құрамына кішігірім жарақатынан айыққан Самат Данияр қайта қосылды.

Ойынның алғашқы бөлігінде командалар жоғары жылдамдықтағы ойын өрнегін көрсеткенімен, қауіпті сәттер көп бола қойған жоқ. Матч есебі үзіліске аттануға 64 секунд қалғанда ашылды. АСтаналық ұжымның назарынан тыс қалған қорғаушы Даниил Вовченко «Металлургтің» сан басымдығын жүзеге асырды.

Екінші кезең ойын тағдырына тікелей әсерін тигізді. «Барыс» бірнеше гол соғатын мүмкіндігін жүзеге асыра алмады. Ал айдын иелері болса, керісінше, өз мүмкіндіктерін мүлт жіберген жоқ – Робин Пресс пен Борис Осипович Шутов қорғаған қақпаға бір шайбадан соқты.

Кездесудің қорытынды бөлігінде айдын иелері Люк Джонсонның арқасында тағы бір сан басымдығын жүзеге асырды. Матч соңына қарай «Барыс» Александр Смолин қорғаған қақпадан саңылау таба білді. Шайба авторы – Семен Симонов. 28 ақпанда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Тольяттиде «Ладамен» кездеседі.

 «Металлург» - «Барыс»4:1(1:0, 2:0, 1:1)

1:0 – 18:56 – Вовченко (Петунин, Канцеров) СБШ

2:0 – 31:55 – Пресс (Рендулич, Зернов)

3:0 – 33:01 – Осипович (Зернов)

4:0 –42:57 – Джонсон (Петунин, Пресс) СБШ

4:1 – 57:42 – Симонов (Кайыржан, Хохлов)

Қақпашылар:Смолин – Шутов

 «Арена Металлург» ӘМОК. 6259 көрермен

SH022439.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

G-Energy маусымалды турнирі. Кузнецкие Медведи – Снежные Барсы матчының алдында

new-preview
Snezhnye Barsy

G-Energy маусымалды турнирінің ойын кестесі

new-preview
Snezhnye Barsy

МХЛ 2026/2027 маусымының күнтізбесін жариялады