Барыс Нефтехимиктің қақпасын бұза алмады
15 Қаңтар 2026

Барыс Нефтехимиктің қақпасын бұза алмады

2026 жылдағы алғашқы үй матчында «Барыс» «Нефтехимикті» қабылдады. Астаналықтардың бапкерлік штабы құрамда бір ғана өзгеріспен шектелді – ойынды алғашқы минуттардан Адам Шил бастады.

Алаң иелері матчтың алғашқы минуттарын жақсы өткізгенімен, есеп ашуға мүмкіндік беретін бірнеше сәтті тағы да мүлт жіберіп алды. Ал нижнекамдықтар өздерінің алғашқы мүмкіндіктерінің бірін сәтті пайдаланды – жақын қашықтықтан Герман Точилкин мергендік танытты. Екінші жиырма минуттықта ойын өзгерген жоқ. «Барыс» шайбаны ұзақ уақыт өз бақылауында ұстап, қарсылас қақпасына қауіп төндірді, алайда Ярослав Озолин қорғаған қақпаның кілтін табу бұл кезеңде де мүмкін болмады. Нәтижесінде 36 соққы жасағанына қарамастан, астаналықтар мұз айдынынан шайбасыз шықты.

17 қаңтарда Михаил Кравецтің ойыншылары Астанада ЦСКА командасымен кездеседі.

«Барыс» - «Нефтехимик» 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)

0:1 – 05:07 – Точилкин (Федотов, Хоружев)

Қақпашылар: Шил – Озолин

«Барыс Арена». 6 069 көрермен


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 DSC_1061.jpg

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» бірқатар ойыншылармен келісімшарт жасасты

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» 2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысады

new-preview
Barys
Nomad

Барыстың екіжақты келісімшарты бар ойыншылары мұз айдынындағы жаттығуларға кірісті