Барыс – Лада. Жаттықтырушылардың түсініктемелері
24 Ақпан 2024

Барыс – Лада. Жаттықтырушылардың түсініктемелері


«Барыс» - «Лада» матчынан кейін (1:4) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

DSC_2184.JPG

Олег Браташ, «Лада» командасының бас жаттықтырушысы

- Бүгін, әрине, екі командаға да ойынға шабыт табу керек болды. Бірақ, негізінен, ойын жанды, таласқа толы және қарқынды болды. Біз есепте 2:0 басымдыққа ие болғаннан кейін, біздің ойыншылар іс осымен бітті деп ойлаған сияқты, сондықтан ойын тізгінін аздап уысымыздан жіберіп алдық, қарсыласқа көптеген сәттер жасауға мүмкіндік беріп жаттық. Подъяпольский керемет ойнады, қақпасына тек бір шайба жіберіп алды. Бір соғылған шайба біз қарсыласқа берген мүмкіндіктердің санын көрсетпейді. Үшінші кезеңде көрініс сәл жақсарды. Өз сәттерімізді жақсы пайдаланып қалдық.

- Сіз көпшілікте шайба жіберіп алдыңыз, азшылықта ойнаған қарсыласта тағы да гол соғатын сәттер болды. Неліктен бұлай болды?

- Менің ойымша, бұл ең алдымен зейін қоймаудың салдары. Шамасы, команда жеңіске жету үшін осылай ойнаған да жеткілікті болады деп ойлаған болар. Спортта бұл жазаланады, қайта бүгін бізді қақпашы құтқарып қалды. Негізі, қарсыластың бізді бұл үшін жазалауына барлық алғышарттары болды.

- «Лада» қазір жетінші орында, бірақ маусымды жақсы бастадыңыздар деуге келмес. Пысықтағыңыз келетін сәттер бар ма?

- Егер сіз чемпион болмасаңыз, әрдайым жақсартуға болатын нәрселер бар. Қашанда жақсартуға болатын сәт бар. Егер сіз осылай сұрақ қойсаңыз, онда командалардың бюджеттерін, командалардың қалыптастырылуын, командалар құрамын қарастырайық. Содан кейін бірдеңе айтуға болады. «Лада» үшін жетінші орын деген жақсы нәтиже ме, әлде жоқ па?

– ҚХЛ-ға оралғаннан кейін жақсы нәтиже.

- Міне, сіз өз сұрағыңызға өзіңіз жауап бердіңіз.

DSC_2211.JPG

Олег Болякин, «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы

- Біздің тарапымыздан жақсы ойын болды. Гол соғуға болатын көптеген сәттеріміз болды, бірақ «сен гол соқпасаң, саған соғады» деген хоккей заңы тағы да жұзеге асты. Мен осыған дейін айтқанымдай, біздің кейбір жас ойыншылар кейде қиын сәттерде қалай ойнау керектігін түсінбей жатады. Күлкілі қателіктер күлкілі голдарға әкеледі. Өкінішке орай, жеңіске жетуіміз керек ойынды уысымыздан жіберіп алдық. Қорытынды жасап, жігіттерді үйрететін боламыз. Біздің жұмысымыз осы ғой.


- Бір күннен кейін тұрақты чемпионаттағы соңғы ойын ойналмақ. «Барыс» плей-офф аймағына неліктен іліне алмады?

- Талдауды чемпионаттан кейін өткіземіз. Себептердің бірі - негізгі ойыншылардан айрып қалғанымыз. Біз олардың орнына жас жігіттерді қойдық. Олар жауапкершіліктің ауыртпалығын және ойын уақытын еңсере алмады. Менің ойымша, бұл себептердің бірі, бірақ мен қашанда айтып жүргенімдей "Барыс" жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұр. Вертикаль салынды, ЖХЛ-да, «Номад» пен «Барыста» ойнайтындар оларға халықаралық аренада көмектесер мол тәжірибе жинақтауда. Клуб басшылығы бұл үшін бәрін жасады. Біздің үш құрама топ-дивизионда өнер көрсетіп жұр, менің ойымша, бұл тамаша. «Барыс» бойынша талдау жасап, содан кейін оның қорытындылары жайлы жанкүйерлерді, баспасөзді құлақдар етеміз. Қазір міне жағдай осындай.

- Бүгін қақпада Паскуале болған жоқ, айдынға Савицкий де шыққан жоқ, неге?

- Паскуале арқасы жарақаттап алды. Савицкий жарақат алғандар тізіміне ауыстырылды. Бізде сондай-ақ Шалапов пен Червени жарақат алғандар тізімінде жүр. Ойыншылар жұмыстың үлкен көлемін орындағанда жарақат алып жатады. Шамадан тыс жүктеме денсаулыққа әсер етеді. Ротация аз, жігіттер мұз айдынында көп ойнауға мәжбүр, осының салдарынан жарақат алады.

- Бояркин қосалқы қақпашы болды, бұл оның соңғы ойынға шығуы мүмкін дегенді білдіре ме?

- Жоқ, ол ертең «Номадпен» ұшады, өйткені оның «Номадпен» мақсаты бір. Бұл мақсатты бәрі біледі.


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ



Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасының кестесі мен құрамы

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы