Барыс пен Райли Уолш келісімшартты бұзды
06 Шілде 2026

Барыс пен Райли Уолш келісімшартты бұзды

«Барыс» хоккей клубы мен Райли Уолш арасындағы келісімшарт ойыншының бастамасымен бұзылды. Америкалық қорғаушыға қатысты ҚХЛ-дегі спорттық құқықтар астаналық клубтың иелігінде сақталады.

Леонид Метальников, «Барыс» клубының бас менеджері

– Райли Уолш Солтүстік Америкадан жақсы ұсыныс алды, сондықтан біз оның өтінішіне түсіністікпен қарауды жөн көрдік. «Барыста» біз әрқашан ойыншыларға адамгершілік тұрғысынан қарауға тырысамыз. Қорғаушыны күштеп ұстап қалу дұрыс болмас еді. Райли біздің команда сапында сәтті маусым өткізді, енді «Барыстан» кейін оның мансабын басқа деңгейде жалғастыруға мүмкіндігі бар. Оның кәсібилігі үшін алғысымызды білдіреміз. ҚХЛ-дегі спорттық құқықтары клубымызда қалады. Оған алдағы мансабында сәттілік тілейміз.

reilly.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар командасының 2026/2027 маусымына арналған бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Барыс

Барыстың жастар арасындағы Қазақстан Кубогындағы матчтар күнтізбесі

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі