Қаңтар айының соңғы күнінде «Барыс» Омбыда «Авангардқа» қарсы ойнады. Астаналық ұжым алдағы ойындарда негізгі құрамның 11 ойыншысынсыз өнер көрсетеді, осы тұста командада екі бірдей ойыншы дебют жасады. Роман Большедворский мен Кирилл Ляпунов ҚХЛ-дағы алғашқы матчтарын өткізді. Саян Данияр 2020 жылдың 26 ақпанынан бері бірінші рет команда құрамына енді.
Ойынның алғашқы кезеңінде астаналықтардың қақпасына үш шайба соғылды. Игорь Мартынов есеп ашса, сәлден кейін Константин Окулов дубль авторы атанды. Оның екі шайбасының біреуі сан басымдығы кезінде соғылды. «Барыс» болса, қарсыласқа «5-ке 3» форматындағы ойын кезінде қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Кезең соңына қарай Станислав Бочаров қақпашымен бетпе-бет шыққанымен, Михаил Бердиннен айласын асыра алмады.
Екінші жиырма минуттықта «Барыс» қарқынын күшейтіп, қарсыласпен бірдей дерлік дәрежеде өнер көрсете бастады. Семен Симоновтың соққысынан кейін шайба қақпа бағанасының жанынан бірнеше сантиметр қашықтыққа қисық кетті. Сәлден соң «3-ке 2» ұйымдастырылған қарымта шабуылдың нүктесін Батырлан Мұратов қойды. Алайда бұл «Барыстың» осы ойында соққан жалғыз шайбасы болды. Матчтың қорытынды бөлігінде Илья Каблуков Никита Бояркин қорғаған қақпаға төртінші шайбаны соғып, таблодағы қорытынды көрсеткішті Райан Спунер орнатты.
2 ақпанда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Хабаровскте «Амурмен» кездеседі.
«Авангард» - «Барыс» 5:1 (3:0, 0:1, 2:0)
1:0 – 06:28 – Мартынов (Верба, Коледов)
2:0 – 07:01 – Окулов (Якупов, Фьоре) СБШ
3:0 – 16:11 – Окулов (Спунер, Якупов)
3:1 – 26:13 – Мұратов (Бочаров)
4:1 – 48:42 – Каблуков (Воронков, Кулик)
5:1 – 55:32 – Спунер (Мартынов, Чистяков)
Қақпашылар: Бердин – Бояркин
«G-Drive Арена». 11 918 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.