Башқұртстан Республикасы Кубогындағы алғашқы матчта «Барыс» турнир қожайыны «Салават Юлаевпен» кездесті.
Астаналық клубтың жаттықтырушылар штабы құрамға жаңадан келген Гарретт Пилон, Логан Дэй, Асанәлі Сәркенов, Чейз Приски, сондай-ақ «Снежные Барсы» командасының 17 жастағы қорғаушысы Темірлан Айболұлын қосты. Қақпада алғашқы минуттан Андрей Шутов болды.
Қонақтар алғашқы ауысымдарды жақсы өткізіп, қарсыластарын екі рет ойыннан қуылуға мәжбүр етті. Алайда артықшылықты пайдалана алмады. Эпизодтардың бірінде Пилон шайбаны қақпа қаңқасына тигізді. Ал «Салават» өзіне берілген алғашқы көпшілік басымдығын бірден пайдаланды. «Барыс» ойыншысы айып орнынан шығып келе жатқан сәтте Максим Кузнецов есеп ашты. Дегенмен үзіліске дейін астаналықтар Чейз Приски мен Әлихан Өмірбековтің күш-жігерінің арқасында есепті теңестірді. Бірінші ойыншы көк сызықтан шайбаны қақпаға бағыттаса, екіншісі қарсылас қақпасының алдында сәтті ойнап, шайбаны торға түсірді.
Уфалықтардың екінші голы да артықшылықты жүзеге асырудың нәтижесінде соғылды. Девин Броссо Вадим Шипачёвтің пасынан кейін қарсылас қақпасын дәл көздеді. Қорытынды кезеңде турнир қожайындарының жеңісін Сергей Варлов пен Максим Кузнецовтың дәл соққылары бекітті.
Михаил Кравец ойыншыларының келесі қарсыласы Хабаровскінің «Амур» командасы болады. Кездесу 18 тамызда өтеді. Ойын сағат 15:00-де басталады.
«Салават Юлаев» – «Барыс» 4:1 (1:1, 1:0, 2:0)
1:0 – 14:35 – Кузнецов (Цулыгин, Сучков)
1:1 – 18:59 – Өмірбеков (Приски, Диханбек)
2:1 – 34:03 – Броссо (Шипачёв, Алексеев) АГ
3:1 – 54:04 – Варлов (Комаров, Загребин)
4:1 – 56:25 – Кузнецов (Варлов, Загребин)
Қақпашылар: Вязовой – Шутов
«Уфа Арена». 6 732 көрермен.
«Барыс» ХК-нің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» ХК серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.